Алматы облысында бұл іске барлық деңгейдегі кәсіпкерлер үлес қосып жатыр. «Біз біргеміз» акциясы арасында мұқтаж отбасыларға тегін азық-түлік тарату шарасы барлық аудандарда, күн сайын өткізілуде. Бұдан бөлек қалталы азаматтар өз қаржысына адам бойындағы дерт белгісін жылдам анықтайтын медициналық тест құрылғысын да сатып алып, тегін таратып отыр екен. Мысалға, бұл сантта алдымен Алакөл ауданының кәсіпкерлерін айтуға болады. Аудандағы белсенді іскердің бірі Нұрлан Белгібаев аудан тұрғындарының денсаулығын тексеруге қажетті экспресс тест сатып алып, аудан әкімдігіне сыйға тартты. Ол бұл мақсатқа 1 млн 100 мың теңге жұмсапты.
Осындай қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған жомарт жанға аудан әкімі Әлібек Жақанбаев аудан тұрғындарының қамы үшін жасалған көмекке шексіз ризашылығын білдіріп, аталған экспресс тест қорабын аудандық орталық ауруханаға қолданысқа тапсырды. Жалпы бұған дейін де кәсіпкер өз қаражысына дене қызуын өлшеуге арналған 30 пирометр аппаратын сатып алып, оны да аудандық аурухана берген болатын.
Алматы облысы