Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

«Қазхром» АҚ бетпердеге 55 миллион теңге бөлді

330 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавирусқа қарсы  еліміздегі Төтенше жағдайға орай ERG құрамындағы «Қазхром» Транс Ұлттық Компаниясы» АҚ өңірлердегі   кенші, металургтерін, жұмысшы, қызметкерлерін медициналық бетперделермен қамтамасыз етуде.

«Қазхром» АҚ  бетпердеге 55 миллион теңге бөлді

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ –  тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания жылына 6 миллион тонна  хром, 480 мың тонна марганец, 1,8 миллион тонна ферроқорытпа өндіреді.

Қазір «Қазхром» ТҰК» АҚ COVID-19 таралуын болдырмау және алдын-алу бағытында қатаң шараларды сақтай отырып, төтенше жағдай кезінде жұмыс жасауда.

Компания президенті Арман Есенжоловтың төрағалығымен төтенше жағдайдағы іс-шараларға арналған штаб құрылды.

Компания  Топтың барлық кәсіпорындары үшін жеке қорғаныс құралдары және қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға  900 миллион теңгеден астам қаржы бөлген.

Сонымен қатар, «Қазхром»  АҚ  кәсіпорындарда залалсыздандыру дезинфекциялаудың күшейтілген түріне көшті.  Филиалдар ай сайын дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етіледі.

 Ал, Ақтөбе қаласындағы «ПО ГЛОБАЛ-Спецодежда» ЖШС «Қазхром»  АҚ-тан 200 мың бетперде тігу үшін  көлемді тапсырыс алды.

 Серіктестікке бетперде дайындау үшін  лицензия берілмек. Бетперде тігу үшін бөз табиғи матасы қолданылмақ.  Өндіруші өз өніміне бір жылға кепілдік береді.

Егер «Қазхром»  АҚ-тың өңірлердегі кәсіпорындарында 19 мың адам еңбек ететінін ескерсек, әрбір жұмысш-қызметкер екі сағат сайын бір реттік медициналық бетпердені ауыстыруы керек екенін ескерсек, сұарыс та аз емес.

Серіктестік бұған дейін де  бірнеше жылдан бері ERG кәсіпорындарына арнайы киімдер тігумен айналысады.

1

Сондықтан, елдегі төтенше жағдай кезінде фабрика «Қазхром» АҚ тың сұранысы бойынша өнім түрлерін ұлғайтты.

Компания ERG-дің барлық кәсіпорындарының жұмысшыларына көп реттік бетперде тігуге 55 миллион теңге бөлді.

– ERG компаниясы, соның ішінде «Қазхром» АҚ-та Төтенше жағдайға орай еңбек адамдары үшін қорғануға қажетті барлық жабдықтарды жедел сатып алды. Қазір Төтенше жағдай талаптарына сай  жұмыс жасап жатырмыз. Кеншілер мен металлургтердің ел алдында жауапкершіліктері зор. Өндірісте басқаша болуы мүмкін емес. Дәл осы қасиеттер бізге Коронавирус індетін жеңуге көмектеседі деп сенемін,-дейді «Қазхром»ТҰК» АҚ президенті Арман Есенжолов.

Павлодар облысы   

Суретті түсірген: Виктория Машкарина