Коронавирус • 11 Сәуір, 2020

Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

1147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өкінішке қарай, Жетісу өлкесінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тағы бір науқасқа көбейді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі аймақтағы он бірінші адамның бойынан індет белгісі анықталғанын растады.

Алматы облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды

Сырқат жұқтырған қыз бала 1991 жылы туған, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласының тұрғыны екен. Індет белгісі расталғаннан кейін ол  аудандағы орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылған. Қазір науқаспен қарым-қатынаста болған жандар шұғыл іздестірілуде. Байланыста болған адамдар анықтала салысымен олар да толықтай карантинге алынады.

Жалпы, 11 сәуір күнгі жағдай бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясымен ауырған 11 оқиға тіркелген. Ал кеше 1 науқас сауығып, үйіне жіберілген болатын.

 

Алматы облысы