Қазақстан • 12 Сәуір, 2020

Күн энергетикасын қолданудағы ғылыми ізденістерге үлес қосады

451 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі 2020–2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар аясында жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру үшін конкурс жарияланған еді.  Аталмыш конкурста әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технология факультеті органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасының жас ғалымдары да бақ сынады.

Жақында конкурс нәтижесі шығып, кафедранның төрт бірдей жас ғалымының ішінде  PhD Зарина Кеңесова да грантқа ие болды.

Күн энергетикасын қолданудағы ғылыми ізденістерге үлес қосады

Зарина Әнуарқызы, сіз биомедициналық мақсаттағы, сезімтал полимерлердің синтезі мен сипаттамасы саласындағы мамансыз. Өзіңіз ғылыми жетекшілік жасап отырған «Табиғи өсімдік шикізатынан басқарылатын құнды компонентті экстракциялау әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы ғылыми жоба 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында жариялаған байқауда грантқа ие болды. Бұл ғылыми жобаның жаңалығы неде?

– Жоба микротолқынды сәулелену көмегімен табиғи өсімдік шикізатынан құнды компоненттерді экстракциялаудың жаңа перспективалық әдісін әзірлеуге және концентрация мен температураның айқын градиенттік өрістерін құруға, сондай-ақ ұсынылған тәсілді іске асыратын жаңа үлгідегі экстракторларды құруға бағытталған. Микротолқынды экстракция әдістері белгілі, алайда соңғы уақытқа дейін диспергирленген нанокомпозиттер мен гидрогель бөлшектерінің көмегімен концентрация мен температураның айқын градиенттерін жасауға негізделген әдістермен оларды біріктіру ұсынылмаған.

Жобада алғаш рет табиғи өсімдік шикізатынан құнды компонентті жедел экстракциялау әдісі ұсынылады, экстракцияны түбірлеу температура мен концентрацияның мезгіл-мезгіл өзгеретін градиенттерін құру есебінен жеткізіледі. Өз кезегінде көрсетілген градиенттер микротолқынды сәулеленумен қызатын полиэлектролитті гидрогель бөлшектерінің ісіну дәрежесінің жылдам өзгеруі есебінен қамтамасыз етіледі.

Жобаның халықаралық ауқымдағы маңыздылығы қандай?

– Жобаның халықаралық ауқымдағы маңыздылығы, бірінші кезекте, оның нәтижелері табиғи өсімдік шикізатын қайта өңдеумен байланысты. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да технологияларды айтарлықтай жаңғырту үшін алғышарттар жасайды. Жедел экстракция, перспективада, тікелей егістікте жұмыс істейтін экстракторларды да жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да бұл жаңалықты фермерлік шаруашылықтар, шағын және орта бизнес субъектілері тікелей қолдана алады. Сонымен бірге жоба күн энергетикасын дамыту саласындағы ғылыми ізденістерге үлес қосады (тікелей алаңда жұмыс істейтін мобильді экстракторларды электрмен қоректендіру). Бір сөзбен айтқанда, аталған ғылыми жоба Қазақстан үшін де өте маңызды. Өйткені, мұндағы ғылыми жаңалықтар елдің аграрлық секторына, шағын және орта бизнескен үлкен қолдау жасайды.

Алматы