Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Павлодар облысында құрғақ шөпті өртеушілер көбейген

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, сәуір айында  орман шаруашылықтарында  7 өрт шығу оқиғасы тіркелген.

Павлодар облысында құрғақ шөпті өртеушілер көбейген

Ал, бұл өрттер   5-уі ауылдық жерлер мен шаруа қожалықтарынан келген.

Өйткені, құрғақ шөпті өртеушілердің басым бөлігі-жергілікті шаруа қожалықтарының иелері болғандықтан, енді оларға қатаң шара қолданылады деп шешілген.

Мысалы, 8 сәуір күні Ленин кенті маңында 30 гектар жерде кезекті өрт шықты.

Өртті  сөндіруге 16 бірлік техника, ТЖ бойынша департаментінің қызметкерлері, еріктілер және Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жұмысшыларынан құрылған 57 адам жұмылдырылды.

Басқарманың мәліметінше,  Ақсу, Май аудандарында шөп өртеген екі шаруа қожалық иелеріне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Егер бұл жағдай қайталанатын болса, айыппұл көлемі 1500 АЕК-ке дейін өседі.

Қазір бұл екі өрт оқиғасы  бойынша іс құжаттары аудандық ішкі істер бөлімдеріне, Төтенше жағдайлар, Экология департаменттеріне жіберілді.

Басқарма мамандары соңғы жылдары көктем келісімен шаруа қожалық иелері  өз алқаптарындағы құрғақ шөпке әдейі өрт қояды.

Сонын салдарынан орман алқаптары, жануарлар, ауылдар зардап шегеді.

 

ПАВЛОДАР