Аймақтар • 13 Сәуір, 2020

Павлодар облысы карантинге жабылады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 сәуірден бастап Павлодар облысы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты карантинге жабылады.

Павлодар облысы карантинге жабылады

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов тұрғындарға арнаған сөзінде, күшіне енетін негізгі шектеулерді атап өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, инфекцияның таралуын тоқтатуға тек қатаң қауіпсіздік шаралары көмектеседі.

Әбілқайыр Сқақов төтенше жағдай жөніндегі облыстық штаб құрып, карантин енгізу жөнінде шешім қабылданды.

- Біз карантинді сақтауды қамтамасыз етуге тартылған барлық құрылымдардың өкілдері шоғырланатын жедел әрекет ету орталығын құрудамыз. Бұл  туындаған мәселелерді тез арада шешуге мүмкіндік береді, - дейді облыс әкімі.

- Құрметті жерлестер, мұның бәрі біздің қауіпсіздігіміз үшін ғана жасалады. Коронавирустың таралуын тоқтатудың жалғыз тиімді жолы – өз қозғалыстарын және адамдармен қарым-қатынасты барынша шектеу. Сіздердің әрқайсыңызды өзіңіз, ата-ана, балалар, немерелер мен әріптестеріңіз туралы ойлануға шақырамын, - деді. 

Соңғы мәліметтер бойынша, өңірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 10 оқиғасы тіркелген.

Ал облыс орталығында 11 сәуірде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 5 жаңа жағдайы белгілі болған.

Қалада Шөкин, 100, Мәшһүр Жүсіп, 4 және Майра, 41 мекен жайлары бойынша тұрғын үйлердің үш подъезі және №1 қалалық аурухана карантинге жабылды.

 

ПАВЛОДАР