Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жатқан 100-ден астам қызметкерге орын дайындалған.
Мұнда медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Күнделікті үш мезгіл тамағы беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.
Айта кетейік, қонақүйге орналастырылған мамандар Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері.