Видео • 13 Сәуір, 2020

Балаларға базарлық. Сараң бақа

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғаты айрықша Алтай жері аңыз-әңгімеге бай. Заңғар таулар мен гүрілдей аққан өзені, алтын тостағандай жалтыраған көлдері көздің жауын алса, қойнауы үйір-үйір жылқы мен қойға толған. Салтанат апаның бүгінгі ертегісі құпияға толы Алтайдың бір түкпірінде  өтеді. Ертегі бақа мен құмырсқалар арасындағы қайшылыққа құрылған. Бақа сараң ба? Әлде шынын айтып құмырсқаларға жем болуы керек пе еді? Кінәліні анықтау қиын. 

Балаларға базарлық. Сараң бақа

«Балаларға базарлық» – «Egemen Qazaqstan» газеті мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрымен» бірлескен жобасы. Egementv YouTube арнасынан күн сайын кешкі 19-00 сағатта беріледі.

Ертекші: «Қуыршақ» театрының әртісі Салтанат Мағзым;

Ертегіні құрастырған Мейіржан Сандыбай;

Үйлестіруші Ая Өміртай.