Cadena SER тілшілерінің мәліметі бойынша барлық мемлекеттердің ұлттық чемпионаттары тамыз айына дейін өз мәресіне жетуге тиіс. Бұл матчтар көрерменсіз өтеді. Одан кейін Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының бәсекелері жалғасады. Оның форматы едәуір өзгеріске ұшырайды. Нақтылап айтсақ, ширек финалдық және жартылай финалық сайыстар бір ғана кездесуден тұрады. Бұл ойындар бейтарап алаңда өтеді. Ондағы мақсат – айтулы доп додасын небары екі апта аралығында аяқтау. Ал жаңа футбол маусымы қыркүйек айында басталады.
Естеріңізге сала кетейік, коронавируске байланысты Еуропа елдеріндегі барлық біріншіліктер тоқтатылды. Қазіргі кезде Беларусь чемпионаты ғана жалғасуда.