Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

ХҚО жабық. Карантин кезінде қызметтерді қалай алуға болады?

1101 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Бүгінде барлық  халыққа қызмет көрсету орталықтары жабық. Алайда, адамдардың өмірінде түрлі жағдайлар болып жатады: адамның бақилық болуы, сәбидің дүниеге келуі және күнделікті қажеттіліктер.

ХҚО жабық. Карантин кезінде қызметтерді қалай алуға болады?

«Карантин  жағдайында  туу туралы куәлікті қалай алуға болады?», «Қайтыс болу туралы куәлікті қалай рәсімдеуге болады?», «Карантин кезінде жаңа жеке куәлігін немесе жүргізуші куәлігін алуға бола  ма?», «Зейнеткерлік жасым келуіне байланысты зейнетақымды қалай рәсімдеймін?», «Жеке куәлігімнің мерзімі бітті, әлеуметтік төлемдерді ала аламын ба?» деген сұрақтар  оқырмандардан көптеп түсіп жатыр.

Осы сұрақтарға жауап алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемелекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметінің басшысы Жаңыл Әпетоваға хабарласқан едік.

Бүгін мемлекеттік қызметтің басым бөлігін онлайн алуға болатынын әрбір тұрғын біледі. Бірақ бұрын электрондық үкіметпен қатар ХҚО да жұмыс істеген еді. Барлық мәселелелерімен және қиындықтарымен адамдар сол жерге келіп жүгінетін. Қазір ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан барлығы egov.kz порталынан қызмет алуды шұғыл түрде игеруде. Жүйе жұмысының қыр-сырын үйрену үшін азаматтарға қайда жүгіну қажет?

– Елімізде қызмет алушылардың мәселелерін жедел шешу мақсатында арнайы Call-орталығы ашылған болатын. Аталған орталық 1414 нөмірі бойынша азаматтардың қоңырауларын қабылдайды. Қазіргі таңда 2,5 мың фронт-офис операторы телефон арқылы кеңес беруді үйренді. Алматы қаласы бойынша 150-ден  астам филиал қызметкері тұрғындардың онлайн қызмет алу бойынша мәселелерін шұғыл шешуге көмектесуде.

Қызметтердің басым бөлігін электрондық үкімет порталынан ЭСҚ арқылы ғана алуға болады. Адамның электронды цифрлық қолтаңбасы жоқ болған жағдайда не істеу керек?

– ЭСҚ-ны үйден шықпай-ақ алуға болады. Бұл жағдай азаматтар төтенше жағдай кезінде ХҚО-ға бармай-ақ алуы үшін жасалды. ЭСҚ алушыны сәйкестендіріп, азаматты растау үшін фото (селфи) жасау керек болады және өзінің жеке куәлігін жүктеп, видео байланыс арқылы қосылған ХҚО қызметкерінің бірнеше сұрағына жауап беру керек.  Жақында заңды тұлғаларға  да ЭЦҚ-ны онлайн алу мүмкіндігі іске қосылды.

– Онлайн режимінде ЭЦҚ қалай алуға болатындығы туралы арнайы нұсқаулық әзірленген. Жүзеге асыратын іс-әрекеттер алгоротимін egov.kz порталында толығырақ  жазылған. Бұл тақырыпқа арнайы үйрету бейнероликтер де бар. Бар болғаны egov.kz порталына кіріп, «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөліміне өту қажет. Ары қарай нұсқаулық бойынша іс-әрекет жасайсыз. Ол үшін: веб-камерасы бар және ғаламторға қосылған компьютер, телефон қажет.

Заңды тұлғаларға ЭЦҚ алу мысалын келтіре кейтейін.

Заңды тұлғаларға арналған онлайн ЭЦҚ.

Еgov.kz сайтына кіріп, «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөліміне өту қажет немесе https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp (https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp) сылтемесі арқылы өтуге болады.

Заңды тұлғаға ЭЦҚ алу үшін:

  1. Қазақстанныңазаматы болу;
  2. Веб-камерасы мен ғаламторы бар ноутбук немесе компьютері болу;
  3. ЭЦҚ қолдану үшін компьютерге NCAlayer бағдарламасын орнату;
  4. Өзіңізбен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы және сапалы фото көшірмесі болуы шарт.

ЭЦҚ-ны онлайн алу қызметі

  1. «Қызметті онлайн алу» тетігін басасыз;
  2. «Заңды тұлға» белгісін таңдайсыз;
  3. Ары қарай өзіңізге қажет шаблонды табасыз;
  4. Егер сіз фирманың бірінші жетекшісі болсаңыз, онда фирманың БСН енгізу керек;
  5. Егер сіз қол қою құқығы бар қызметкер болсаңыз, онда қосымша сіздің ЖСН енгізу қажет болады.
  6. Осыдан кейін «Өтініш жіберу» хабарламасы шығады.

Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелмеген жағдайда

  1. Парақшаның төменгі оң жақ бөлігінде орналасқан «Kenes» виртуалды ассистентке басып, тіл таңдайсыз;
  2. Ассистенттің төменгі панелінде орналасқан видеокамера суретіне және «Видеоқоңырау» тетігіне басасыз;
  3. Видеоқоңырауды қабылдаған соң оператор сізден жеке куәлігіңізді көрсетуді, ЖСН, телефон нөмірі мен SMS-код сұрайды;
  4. МАБ сәтті тіркелгеннен соң, Еgov.kz порталындағы парақшаны жаңарту қажет;
  5. Қайталап БСН (егер сіз бірінші жетекші болмасаңыз ЖСН), сонымен қатар бір реттік құпия сөзді енгізу қажет.

Егер сіз Мобильді азаматтар базасында тіркеліп қойған болсаңыз:

  1. Сіздің телефоныңызға 1414 нөмірінен бір реттік құпия сөзбен SMS хабарлама келеді, сізге оны енгізу қажет болады;
  2. Ары қарай сіз ЭЦҚ алуға өтесіз. Қашықтықтан сәйкестендіру парақшасы ашылады.

3.(https://egov.kz/%E2%80%A6/novaya_instrukciya_na_egov_po_udalennoy_i%E2%80%A6) сілтемесі арқылы өтеміз.

  1. Тұлғаны фото және видео арқылы растау керек (8 ден 21 дейінгі тармақтарды қарау қажет, 4-9 беттер).
  2. Қолданукелісіміментанысып, оны растаукерекболады;
  3. Өтініш беру формасына электронды почтаны көрсету керек.

Мемлекеттік органдарға онлайн жүгінуге болады дейді. Оның тәртібі қалай?

– Ия, егер сіз өзіңіздің ұсынысыңызды немесе өтінішіңізді мемлекеттік органдарға жібергіңіз келсе электронды үкімет порталынан онлайн жолдауға болады.

Ол үшін:

  1. Порталаға кіру керек;
  2. «Электронды жүгіну» қызметін таңдайсыз;
  3. Ұсынылған фирманы толтыру қажет;
  4. ЭСҚ растайсыз;
  5. Мемлкеттік органға жолдайсыз.

Өтінішің жағдайын жеке кабинеттен  анықтай аласыз. Бұл жерде сіз мемлекеттік органға жеткендігі туралы хабарламадан бастап өтінішке берілген дайын жауапқа дейін құжаттың барлық процесін бақылай аласыз.

Өтінішке берілетін жауаптың мерзімдері мәселенің күрделілігіне байланысты болады. Қосымша анықтаулар мен тексерістерді қажет еткен жағдайда, қарастыру мерзімі отыз күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін, ол туралы жеке кабинетке қосымша хабарлама жіберілетін болады.

 

Мысалы адамның жеке куәлігінің мерзімі аяқталды. Құжатты ТЖ кезінде ауыстыруға болады ма?

– Егер жеке куәліктің ескі нұсқасының жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда (чипсыз), онда электрондық портал арқылы ауыстыруға болады. Ол үшін сайтта тіркеліп, «Азаматтық, көші-қон және иммиграция» бөліміне өту қажет болады, ары қарай «ҚР паспорты және жеке куәлігі» бөліміне өтесіз де, «Қызметті онлайн алу» тетігін басасыз.

Кейін, өтінішті толтырып, ЭЦҚ растау керек. Өтінішке:

  • сурет;
  • қолтаңба үлгісін тіркейсіз.

Одан соң, электронды үкіметтің төлемдер шлюзы парақшасындағы «Төлеу» тетігін басып, төлем жасайсыз.

Жеке кабинетте (Қызметтерді алу тарихы)  сіздің өтінішіңізді өңдеу шарттары туралы хабарламамен танысу қажет болады, ол көрсетілген уақыт ішінде келіп түседі.

Бірақ естеріңізде болсын, бұл қызметті тек қана чипсіз құжатты жаңа үлгідегі құжатқа ауыстырған жағдайда ғана алуға болады. Басқа жағдайда еліміздегі ТЖ кезінде қызметті алуға мүмкіндік жоқ. Төтенше жағдай мерзімі аяқталғанын күту керек, тек содан кейін ғана жаңа құжатты рәсімдей аласыз. ТЖ кезінде мерзімі өтіп кеткен жағдайда айыппұл салынбайды.

Туу туралы куәлікті қалай рәсімдеуге болады?

– Баланың туылғанын тіркеу үшін мына іс-әрекеттерді жасау керек:

Еgov.kz –тің  басты парақшасы > «Азаматтарға» бөлімі > «Отбасы» бөлімі > «Отбасылық жағдайы» > «Баланың туылғанын тіркеу, сонымен қатар азаматтық жағдайы актісі жазбаларына толықтырулар, қосымшалар мен өзгерістер енгізу».

Одан кейін:

– «Қызметтерді онлайн алу» тетігін басу;

– Өтінішті толтырып, оны ЭСҚ-мен растау керек (ЭСҚ), немесе СМС-паролі арқылы (ол үшін туылғаны жөніндегі медициналық анықтаманың сканерленген нұсқасы қажет);

– Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) сіздің өтінішіңізді өңдеу жағдайы туралы хабарламамен танысу қажет;

– Дайын құжатты алуға осы хабарламада көрсетілген мерзімде ТЖ кезіндегі құжаттарды беру терезесіне бару керек. ТЖ кезінде Жандосов көшесі, 51 мекен-жайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚО жұмыс істеуде.  Өзіңізбен бірге: баланың туылу туралы медициналық анықтама, некені қию туралы куәлік, ата-анасының жеке куәліктері болуы шарт.

Жүктілік пен босануға байланысты төлемақыны онлайн рәсімдеуге бола ма?

– Болады. Ол үшін «электронды үкімет» порталына кіріп, «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін таңдайсыз, кейін, «Отбасыларға көмек» – «Әлеуметтік қауіптерге байланысты әлеуметтік төлемдерді тағайындау: Еңбекке қабілеттілікті жоғалту, асыраушыдан айырылу, жұмысты жоғалту, жүктілік пен босануға, жаңа туылған баланы асырап алуға, бір жасқа жеткенге дейін балаға қарауға байланысты табыстан айырылу» таңдайсыз.

Ары қарай, «Қызметті онлайн алу» тетігін басасыз. Кейін жүктілік пен босануға, жаңа туылған баланы асырап алуға, бір жасқа жеткенге дейін балаға қарауға байланысты табыстан айырылу туралы уақытша еңбекке қабілетсіздік қағазын; банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктар немесе ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы қағазды немесе түзету жасайтын  мекемелердегі қаржыны бақылау шотын тіркейсіз. Одан кейін өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен растау ғана қалады.

«Жеке кабинетте» («Қызмет алу тарихы» бөлімінде) өтінішіңіздің өңделу жағдайы туралы хабарламамен танысуға болады, ол көрсетілген мерзім ішінде келіп түседі.

Қайтыс болғаны туралы куәлікті онлайн рәсімдеуге болады ма?

– Иә, болады. Ол үшін egov.kz портала кіріп «Басты» > «Азаматтарға» > «Отбасы» > «Отбасылық жағдай» > «Адамның қайтыс болғанын тіркеу, сонымен қатар азаматтық жағдай актісі жазбаларына өзгертулер, қосымшалар мен толықтырулар енгізу». Кейін: «Қызметті онлайн алу» тетігін басу қажет;

– Өтінішті толтырып, туыстық қатынасы туралы құжаттарды тіркеу керек және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен растайсыз;

– Дайын құжатты алуға осы хабарламада көрсетілген мерзімде ТЖ кезіндегі құжаттарды беру терезесіне бару керек. (ТЖ кезінде Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚО жұмыс істеуде), өзіңізбен бірге құжаттардың түпнұсқасы болуы шарт.

Егер адам карантин мен ТЖ режимін енгізу кезінде көлік сатылған (сатып алынған) болса құжаттарды қалай тіркеу керек?

Ол үшін:

  1. Еgov.kz порталынакіріп, «Қызметті онлайн алу» тетігінбасасыз;
  2. Өтініштітолтырып, көліктісатыпалушының ЖСН енгізесіз;
  3. Өтінішті ЭСҚ-мен (ЭЦП) растайсыз;
  4. Сатыпалушырастаукерек;
  5. Жеке кабинетте көрсетілген қызметтің нәтижесімен таныса аласыз.

         Еgov.kz порталында өтінішті келісу мен мемлекеттік баж салығын төлеу үшін автотранспортты сатып алушыда міндетті түрде ЭСҚ болуы қажет екендігін есте сақтау керек.

Ары қарай мамандырылған ХҚО көліктің тіркелуі туралы жаңа куәлік пен нөмірді алуға бару керек болады. Хабарламада көрсетілген мерзімде Алматы қаласы, Майлин көшесі,85 мекенжайындағы,  ТЖ кезіндегі дайын құжаттарды беретін №2 Мамандандырылған ХҚО-ға бару керек. Жұмыс уақыты таңғы  9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі күні 9.00-ден 14.00-ге дейін жұмыс істейді.  Өзіңізбен бірге мемлекеттік баж салығы мен алымдардың төленгені туралы түбіртек, транспортты тіреку актісі, электронды  келісімнің қағаз жүзіндегі нұсқасы  және ескі нөмір мен техпаспорт болуы керек.

Нәтижесінде сіз көлікті тіркеу туралы куәлік пен жаңа нөмір аласыз. 

Айтқандай, өтініш бергенде дайын құжаттарды пошта арқылы үйге жеткізуге де тапсырыс бере аласыз. Ол кезде, мамандырылған ХҚО-ға барудың қажеті болмайды.

Егер сатушы мен сатып алушы басқа қалада немесе басқа елде болса қызметті пайдалану өте тиімді.

Кейбір азаматтардың зейнетақы рәсімдеу уақыты төтенше жағдай уақытына тұспа-тұс келіп жатыр. Көрпшілігі анықтамалар мен құжаттарды жинап қойған. Енді аталған қызметті онлайн рәсімдеуге бола ма?

– Иә, егер құжаттары жиналып дайын тұрса, рәсімдеуге болады. Ол үшін электрондық үкімет порталына кіру керек болады. Кейін кезек бойынша «Азаматтарға» > «Әлеуметтік қамтамасыз ету» > «Зейнетақылық қамтамасыз ету» > «Жасы келуіне байланысты зейнетақы тағайындау» бөлімдеріне кезепен кіру керек.  Сосын

–  «Қызметті онлайн алу» тетігін басу керек;

– Өтінішті толтырып, банк шоты нөмірі туралы құжатты тіреу; өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар (еңбек кітапшасы, архивтік мекемелерден немесе жұмыс орнынан анықтама керек, егер қызметі туралы жазбалар енгізілмесе немесе өзгерістер болса).

  • Өтінішті электрондық қолтаңбамен растау.

Қызметті онлайн алмастан бұрын барлық құжаттарды міндетті түрде «Азаматтарға арналған үкіметтің» маманы тексеруі қажет. Егер сіз мұндай тексеруді карантин енгізілгеннен бұрын өтіп қойсаңыз, онда қызметті онлайн рәсімдей берсеңіз болады. Егер құжаттарыңыз тексерілмеген болса, карантин мерзімі аяқталғанға дейін және ХҚО жұмысының басталуын  күтуге тура келеді.

Қазіргі таңда электрондық үкімет порталы арқылы онлайн қызметтерді алатындардың саны күрт өсті. Жүйеге де айтарлықтай жүктемелер артты, бұның бәрі портал парақшаларының ашылу жылдамдығына әсерін тигізуде. Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ үйден шықпай, электрондық үкімет порталын пайдалану арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға барлық жағдайды жасауда.

Қызметтерді онлайн алу арқылы біз өзімізді және жақындарымызды қорғап, ортақ қауіпсіздікке өз үлесімізді қосамыз.

 

 

АЛМАТЫ