«Сіз бен біздің міндетіміз – төтенше жағдайда төзімділік танытып, тазалық шараларына аса мән беріп, өзімізді, отбасымызды індеттен аман сақтау. Жұқпалы індетпен оқшауланып күресуіміз керек. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қасиетті Рамазан айында індеттің таралуының алдын алу мақсатында карантин мерзімінде тарауық намазын мешіттерімізде жамағатпен оқылмайтынын мәлімдейді. Әркім тарауық намазын өз шаңырағында отбасы мүшелерімен оқуына кеңес береміз. Біз осылай оқшаулану арқылы жұқпалы індетті жеңеміз», - деді Наурызбай қажы.
Оның айтуынша, ҚМДБ төтенше жағдай кезінде онлайн-уағыздар мен дәрістердің арнайы кестесін бекітті. Сондай-ақ, діндарларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жедел жауап беру үшін call-center ашылды: (7172) 33-30-30.
Өз сөзінде Бас мүфти қасиетті Рамазан айы 25 сәуірде басталып, 29 күнге созылатындығын еске салды. Ораза айт 24 мамырда тойланады.
«Қазіргі уақытта қажетті карантиндік шаралардың әсерінен храмдарға кіру уақытша шектелді. Өкінішке орай, биыл көптеген приходшылар Пасханы үйде, өзін-өзі оқшаулау жағдайында атап өтеді. Бірақ есімізде болсын: ешкім Пасханың шынайы қуанышын сенетін жүректен жұлып ала алмайды. Үйде бірігіп дұға ету, рухани әдебиеттерді оқып, ақырында құдайдың қызметтері туралы хабарларды көру бізге мерекелердің Мерекесіне қосылуға көмектеседі», - деді митрополит Александр.
Ол Пасха түнінде «Евразия бірінші арнасында» Алматыдағы Вознесенск кафедралы шіркеуінен мерекелік қызметтің тікелей трансляциясы өтетіндігін айтты. Сондай-ақ, еліміздің өңірлерінде Пасха қызметтері туралы хабарлар Қазақстанның барлық епархияларының негізгі шіркеулерінен беріледі.
Айта кету керек, биылғы жылы басты христиан мерекесі - Қасиетті Христостың қайта тірілуі - 18-нен 19 сәуірге қараған түні атап өтіледі.