08 Қыркүйек, 2013

Ердің еңселі ескерткіші туған жер төрінде бой көтерді

308 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Көкше жерінде Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 2015 жылыаталыпөтетін 100 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары қызу қолға алынуда. Бұл орайда атпал азаматтың туған елі Зеренді ауданында айтулы шаралардың алдымен алға тартылуы ғанибет әрі заңды бас­тама деп білеміз. Мұның өзі бүгінгі ұрпақтың мойнындағы абыройлы парыз, жауапты қадам екендігі де анық. Осы ретте аудан әкімі Ермек Маржықпаевтың жақсы іске ұйтқы болғанын атап өткен жөн.

DSC 0174

 

DSC 0520Көкше жерінде Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 2015 жылыаталыпөтетін 100 жылдықмерейтойынадайындықжұмыстарықызуқолғаалынуда. Бұл орайда атпал азаматтың туған елі Зеренді ауданында айтулы шаралардың алдымен алға тартылуы ғанибет әрі заңды бас­тама деп білеміз. Мұның өзі бүгінгі ұрпақтың мойнындағы абыройлы парыз, жауапты қадам екендігі де анық. Осы ретте аудан әкімі Ермек Маржықпаевтың жақсы іске ұйтқы болғанын атап өткен жөн.

Ата Заңымыздың айшықты мере­кесімен тұспа-тұс келген салта­натқа облыстың зиялы қауым өкіл­дері, Зеренді ауылдарының жұрт­шы­лы­ғы көптеп жиналды. Әр жанарда биік тұғырдағы ақ жамылғы тезірек тү­сірілсе, ел сүйіктісімен тезі­рек қа­­уышсақ деген жарқыл бар. Ай­на­ланы рух асқақтатар әуендер жаң­ғыр­тып тұр. Міне, күткен сәт те ке­ліп жетті. Ақмола облысы әкімінің бі­рінші орынбасары Рашит Әкімов, Зе­­ренді ауданының әкімі Ермек Мар­жықпаев және батырдың қызы Майдан Мәлікқызы ескерткішті ашып, дәстүрлі лентаны қиды.

Зерендінің қақ төрінде орна­тыл­ған ескерткіштегі Мәлік Ғабдул­лин бейнесі батырларға тән қайсар­лықтың, ғалымдарға тән даналықтың жанды тұлғасындай көз тартады. Көкшетаулық қылқалам шебері әрі мүсінші, Қазақстан Суретшілер ода­ғының мүшесі Юрий Попов тұлға мүсінін сомдауда өзіндік шы­ғар­ма­шылық ізденісімен тәнті етеді. Тұғыртастағы үш метрлік ескерткіште ғасырлар тоғысындағы қайраткер­­дің жиынтық бейнесі көрініс тап­қандай. Оқалы ұлттық шапан жа­мылған тұлғаның омырауында Кеңес Одағы Батырының Алтын Жұлдызы жарқырайды. Оң қолын кеудесіне басқан Мәлік өзі армандаған Қа­зақстан тәуелсіздігінің шарапаттарына, елді еңселенткен ұрпаққа риясыз ризашылығын білдіріп тұрғандай әсерге бөлейді. Осынау орайлы сезім Майдан апа Мәлікқызының жерлестеріне арнаған ықыласты сөздерінен де төгіліп тұрды.

– Бүгін батыр ұрпақтары үшін ғана емес, барша көкшеліктер үшін ұмытылмас әрі қуанышты күн, – деді Алматыдан келген асылдың сынығы. – Менің әкем Мәлік елінің ұлы болып еді. Өз туған жеріне жан-тәнімен қызмет етті. Халқы оны ұмытпай, құрмет тұтуда. Көкшетау қаласында Мәлік Ғабдуллин атындағы көше, мектеп, мұражай бар. Еліміздің өзге өңірлерінде де осындай құр­мет нышандары баршылық. Бүгінгі оқиғаның ерекшелігі – Мә­лік ес­керт­кішінің тұң­ғыш рет ашы­лып отырғандығында. Мен осы үшін облыс басшылығына, Зе­ренді ауда­нының әкімі Ермек Боран­байұлына, жерлестеріме шексіз алғысымды білдіремін.

DSC 0174

Жиналғандар алдында Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Рашит Әкімов, Парламент депутаттары Жабал Ерғалиев пен Майра Айсина, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Мұратбек Оспанов, облыс­тық мәслихат хатшысы Нина Дьячек, еңбек ардагерлері Мейрамбек Қиықов, Еңбек Қабданов, Есімбек Әкімов жүрекжарды сөздерін арнады.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы.

–––––––––––

Суреттерде: Зеренді төріндегі батыр ескерткіші; аудан әкімі Ермек Маржықпаев пен М.Ғабдуллиннің қызы Майдан Мәлікқызының құттықтау сәті.