08 Қыркүйек, 2013

Алып арна

230 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Магистральді құбырға газ толтырыла бастады

DSC 7691

Қазақстанның оңтүстігін табиғи газға тәуелділіктен құтқарады деген мақсатпен қолға алынған «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен басталған алып жобалардың бірі. Кеше осы «Бозой – Шымкент» учаскесінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді құбырына газ толтыру ісі салтанатты жағдайда ашылды. Бұл тарихи сәт осынау іс-шараға байланысты ұйымдастырылған тікелей телекөпір арқылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өтті.

 

 Магистральді құбырға газ толтырыла бастады

Қазақстанның оңтүстігін табиғи газға тәуелділіктен құтқарады деген мақсатпен қолға алынған «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен басталған алып жобалардың бірі. Кеше осы «Бозой – Шымкент» учаскесінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді құбырына газ толтыру ісі салтанатты жағдайда ашылды. Бұл тарихи сәт осынау іс-шараға байланысты ұйымдастырылған тікелей телекөпір арқылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен өтті.

DSC 7691

Алдымен «ҚазТрансГаз» АҚбасдиректорыСерікСұлтанғалижәне «Trans-Azia Gas Pipeline Company Limited» компаниясыныңвице-президентіЦаоЯмин «Ақбұлақ» кентіндегіөндірістікалаңдаекіелкөшбасшыларын «БозойШымкент» учаскесіндемагистральдікқұбырғагазтолтыруғакірісугедайынекендігітуралыхабардаретті. Мемлекет басшылары рұқсат бергеннен кейін газ толтыру ісі салтанатты жағдайда басталды.

«Бозой – Шымкент» учаскесін газбен толтырумен бірге, құрылыс кестесіне сәйкес «Бозой» және «Ақбұлақ» газ өлшеу стансалары пайдалануға берілетін болады. Магистральді газ құбыры Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Жалпы ұзындығы 1477 шақырымды құрайтын бұл құбыр Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағынан өтеді. Бірінші кезеңде жаңа магистраль бойынша тасымалданатын газды жергілікті тұрғындар да кеңінен пайдаланады. Яғни, осы құбыр бойында орналасқан 500-ден астам елді мекен газдандырылады. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының аумағынан өткен магистральді газ құбыры облысымыздың 8 қала-ауданындағы 284 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде осы елді мекендердегі 1 млн. 200 мың тұрғын көгілдір отынның тиімділігін көрмек. Аталған елді мекендерді газбен қамтамасыз ету бағытында 7 автоматтандырылған газ тарату стансалары салынады. Яғни, бұл алып жобаны то­лық аяқтау – Қазақстанның осынау өлкесін көгілдір отынмен тұрақ­ты түрде қамтамасыз етуге жағ­дай жасайды деген сөз. Жоба­ның шеңберінде «Бозой» және «Қараөзек» кенттерінде екі ком­прессорлық станса салу көзделген.

Ұзындығы 1143 шақырым болатын «Бозой – Шымкент» газ құбыры учаскесінің желілік бөлігін салуды аяқтау жылына 2,5 млрд. текше метрге дейінгі көлемде газ тасымалдауға мүмкіндік береді. «Бозой» компрессорлық стансасын пайдалануға енгізгеннен кейін газ құбырының негізгі қуаты жылына 6 млрд. текше метрді құрайды. Екінші кезеңдегі жобалық қуаты жылына 10 млрд. текше метрді құрайтын газ құбыры нысандарының құрылысын толық аяқтау және оларды пайдалануға енгізу 2015 жылға жоспарланып отыр.

«Бұл өте бір тарихи қуанышты сәт. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді құбырын салу – ел өміріне береке, табыс, шуақ әкелетін алып жоба. Елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайына үлкен серпін береді. Және мемлекеттік ауқымдағы бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады. Ол, жоғарыда айтқандай, қазақстандық газды республиканың оңтүстігіне беру және Қазақстандағы магистральді газ құбырларын бірыңғай газ тасымалдау жүйесіне біріктіру, сондай-ақ, қазақстандық газды Қытай Халық Республикасының нарығына экспорттау мүмкіндігі», деді салтанатты жиыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали.

«Аталған жобаны іске асыру компания негізін қалаған сәттен бастап айқындалған. Өзара құрмет – теңдіктің алғышарты. Біз « ҚазТрансГаз» АҚ-пен бұл алып құрылысты жалғастыра беретін боламыз», деп «Trans-Azia Gas Pipeline Company Limited» компаниясының вице-президенті Цао Ямин бұл іске өз ризашылығын білдірді.

«Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді құбырын салу жобасының құны 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайды. Газ құбырын салуға 3 800-ге жуық жұмысшы қатысуда, олардың 90 пайызы – қазақстандық мамандар. Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ бұл күні, сондай-ақ, «Қашаған» кен орнын әзірлеу жөнінде консорциум қатысушыларымен де уағдаластыққа қол жеткізді. Нәтижесінде тауарлық газдың барлық көлемі осы магистральді газ құбыры арқылы тасымалданатын болды.

Айта кететін бір жайт, Қазақ­станның аса маңызды инфра­құрылымдық жобаларының бірі болып табылатын «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді құ­быры инвестициялық стра­тегиялық жобалар тізбесіне, 2010 – 2014 жылдарға арналған Ин­дус­трияландыру картасына енген. Жоба «Қазақстан – Қытай» магистральді газ құбырын салу туралы екі ел үкіметтері арасын­да жасалған келісімге, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) арасында жасалған уағдаластыққа сәйкес жүзеге асырылады. 2010 жылғы желтоқсанда «Бейнеу – Шымкент» Газ құбыры» ЖШС құрылған болатын. Ол жобаны әзірлеу және оның құрылысын салумен айналыс­ты. Бұл – Қазақстан тарапынан «ҚазТрансГаз» компаниясының және Қытай тарапынан «Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited» компаниясының тең үлестік негізінде құрылған кәсіпорын. Жобаны қаржыландыру жарғылық капитал есебінен 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде (әр әріп­тестен 500 млн. АҚШ доллары мөл­шерінде) және қарызға алған қаржыландыру 3 млрд. АҚШ долларына дейінгі сомада жүзеге асырылады. «ҚазТрансГаз» АҚ мұнай, газ саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және барлау, өндіру, тасымалдау және газды бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. Қазақстан Үкіметінің шешімімен 2012 жылғы шілдеден бастап «ҚазТрансГаз» АҚ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып айқындалған.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.

–––––––––––––––––

Суретті түсірген

Қайсар ШЕРІМ.

Соңғы жаңалықтар