Санкт-Петербургтегі G20 саммиті қарсаңында Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы әлемдік қоғамдастыққа жаһандық ынтымақтастық пішінін кеңейтуге бағытталған G-GLOBAL халықаралық жобасының тұсауын кесті.
Санкт-Петербургтегі G20 саммиті қарсаңында Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы әлемдік қоғамдастыққа жаһандық ынтымақтастық пішінін кеңейтуге бағытталған G-GLOBAL халықаралық жобасының тұсауын кесті.
Әлемдік қоғамдастықты біріктіруге шақыратын ғаламтор алаңының басты парағы әлем үшін маңызды және ірі жобалар туралы қысқа ақпараттар мен сілтемелерді қамтиды.
G-Global басты жобасы, ол – 2013 жылғы мамырда өткен Астана экономикалық форумы және Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция.
АЭФ және ДҚБК-мен қатар, G-Global сайтында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі және ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі сынды жобалар талқылану үстінде. Атом жобасы туралы ақпаратты да осы сайттан таба аласыз.
4 қыркүйектен бастап G-Global Expert интернет-жобасы – экономика, қаржы, тұрақты даму және энергетика салаларындағы кең ауқымды тақырыптарды қамтитын сарапшы ойлары мен түсініктемелерден тұратын интернет алаңы да іске қосылды.
G-Global мегажобасының халықаралық тобы: әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, экспо-2017 халықаралық көрмесі, «жасыл көпір» халықаралық экологиялық бағдарламасы, атом ядролық қаруға қарсы жобасы www.Group-global.оrg. Сайтын қарауға шақырамыз. Жаһандық экономика және қаржыны дамыту мәселелерін талқылауда алдыңғы қатарлы сарапшыларға қосыл!