08 Қыркүйек, 2013

Ғылыми орталықта болды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің жанын­да­ғы Адам құқықтары жөнін­дегі комиссияның мүше­ле­рі Комиссия төрағасы Қуа­ныш Сұлтановтың басшы­лы­ғымен республикалық «Ней­рохирургия» ғылыми орта­лығында болды.

Қазақстан Респуб­ли­касы Президентінің жанын­да­ғы Адам құқықтары жөнін­дегі комиссияның мүше­ле­рі Комиссия төрағасы Қуа­ныш Сұлтановтың басшы­лы­ғымен республикалық «Ней­рохирургия» ғылыми орта­лығында болды.

Астаналықтар мен Қазақстанның басқа да өңірлерінің тұрғындары стационарлық ем қабылдайтын емдеу әрі ғылыми-зерттеу мекемесіне барудың мақсаты сырқат пациенттердің орталықтағы жағдайларымен, олардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінде, Қазақ­станның адам құқықтарын қор­ғау саласындағы халықаралық міндет­темелерінде кепілдік берілген құқық­тарының сақталуымен танысу болатын.

Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелері дәрігерлермен және пациент­термен әңгімелесу барысында азамат­тардың денсаулығын қорғауға және білікті медициналық көмек алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, дәрігерлер мен басқа да медициналық қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы, олардың Еуропалық Одақ елдерінде және әлемнің басқа да дамыған елдерінде біліктіліктерін көтеру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.

Емдеу мекемесінде болған кезде жиналған материалдар Комиссияның Мем­лекет басшысының қарауына ұсынатын «Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының ахуалы туралы» жыл сайынғы баяндамасының «Азамат­тардың денсаулығын қорғауға және білікті медициналық көмек алуға конс­титуциялық құқықтары» бөліміне енгізілетін болады.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқық­тары жөніндегі комиссияның 2013 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

«Егемен-ақпарат».