Жақында Қазақстанның Германиядағы елшілігі мен Германия Бундестагының Экономика және технологиялар комитеті бірлесіп өткізген «Қазақстан Астанадағы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өзін экономикалық және туристік орталық ретінде көрсетеді» атты экономикалық форумы қазақ-неміс қарым-қатынастарының тарихындағы жарқын да есте қаларлық оқиғалардың бірі болды.
Жақында Қазақстанның Германиядағы елшілігі мен Германия Бундестагының Экономика және технологиялар комитеті бірлесіп өткізген «Қазақстан Астанадағы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өзін экономикалық және туристік орталық ретінде көрсетеді» атты экономикалық форумы қазақ-неміс қарым-қатынастарының тарихындағы жарқын да есте қаларлық оқиғалардың бірі болды.

Аталған шара Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Канцлері Ангела Меркель дәстүрлі түрде серпін беріп отырған екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі артып келе жатқанын айғақтады. Н.Назарбаев пен А.Меркельдің өткен жылдың ақпанында Берлиндегі кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты нақты жобалардың іске асырылуы арқылы өздерінің лайықты жалғасын тапқанын айта кету қажет. Осылайша, қазіргі кезде шикізат, өндіріс және технологиялар салаларындағы серіктестік пәрменді түрде дамып, ГФР-дың кәсіби-техникалық дуалды білім беру жүйесін Қазақстанға енгізу барысында белсенді жұмыстар жүргізіле бастады. Германия Еуроодақ елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі Астананың кандидатурасын қолдады және осындай көрмені 2010 жылы Ганноверде өткізудегі өзінің мол тәжірибесін пайдалана отырып, елімізге көрмені ұйымдастыру және өткізу барысында жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Неміс сарапшыларының пікірінше, Германияның ең жоғарғы заң шығарушы органында біздің елге арнап өткізіліп отырған осы шара екі мемлекет арасындағы қатынастардың жоғары деңгейін растай отырып, сонымен қатар, Еуроодақтың көшбасшысы және экономика жағынан әлемдегі үшінші орындағы елдің Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі рөлі мен маңызын мойындайтынын көрсетіп берді.
Осы форумға екі елден қатысқан делегациялар өкілеттілігінің жоғары деңгейін атап өту қажет. Қазақстандық делегацияның құрамында Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Асхат Бекенов, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев, ИЖТМ-нің Туризм өндірісі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Бектібаев және басқалар болды.
Германия Федеративтік Республикасы тарапынан негізгі баяндаманы СІМ Мемлекеттік министрі Корнелия Пипер, Бундестагтың Экономика және технологиялар комитетінің төрағасы Эрнст Хинскен, Экономика және технологиялар министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Эрнст Бургбахер, Бундестагтың Туризм және спорт комитетінің мүшесі Юрген Климке және басқалар жасады. Шараға барлығы 200-ге жуық қонақтар, олардың ішінде депутаттық корпустың өкілдері, Германияның мемлекеттік органдарының басшы қызметкерлері, қоғамдық, саяси және іскер топтарының, сондай-ақ, ГФР БАҚ-тарының өкілдері қатысты.
Неміс тарапы екі мемлекет басшылары тұрақты қолдап келе жатқан екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ ГФР үшін Орталық Азиядағы маңызды серіктес деп қарастыратын Қазақстанмен кең көлемді саяси-экономикалық ынтымақтастығының маңызы зор екенін баса көрсетті. Неміс баяндамашылары атап өткендей, қазақстандық экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ елдегі тиімді инвестициялық ахуал экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастық өсуінің нақты алғышарты болып табылады.
Өзінің құттықтау сөзінде еліміздің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің комиссары Р.Жошыбаев екі ел арасындағы тығыз саяси үнқатысу екі жаққа да тиімділік әкеліп отырғанын атап көрсетті. Қазақстандық дипломат айтып өткендей, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Германияға және ГФР Канцлері А.Меркельдің 2010 жы