Бүгін – Отбасы күні
ШАҢЫРАҚТАР ШАТТЫҚ ШАШСЫН

Қасиетті Қазығұрт алтын құрсақты аналарымен мақтана алады. Жақында ғана 11 миллионыншы қазақтың дәл осы киелі таудың етегінде дүниеге келіп, бұл ауданның демографиялық мәртебесін тағы бір жоғарылатқаны бар. Осы таудың етегіндегі Атбұлақ ауылында тұратын Шәрипа әже өмірінде 20 құрсақ көтерген екен. Соның 14-і өсіп-өніп, қазір бұл әулет бір қауым ел болып отыр. Бүгінде бірі 80-ге, бірі 75-ке толған Әзберген қария мен Шәрипа апаның 35 немересі, 20 шөбересі бар. Қайбір күні көп жасап, көпті көрген қариялардың отбасында болып, сәлем беріп, жағдайын біліп қайтқан едік.

Қасиетті Қазығұрт алтын құрсақты аналарымен мақтана алады. Жақында ғана 11 миллионыншы қазақтың дәл осы киелі таудың етегінде дүниеге келіп, бұл ауданның демографиялық мәртебесін тағы бір жоғарылатқаны бар. Осы таудың етегіндегі Атбұлақ ауылында тұратын Шәрипа әже өмірінде 20 құрсақ көтерген екен. Соның 14-і өсіп-өніп, қазір бұл әулет бір қауым ел болып отыр. Бүгінде бірі 80-ге, бірі 75-ке толған Әзберген қария мен Шәрипа апаның 35 немересі, 20 шөбересі бар. Қайбір күні көп жасап, көпті көрген қариялардың отбасында болып, сәлем беріп, жағдайын біліп қайтқан едік.
– Жағдайымыз да, тұрмысымыз да жаман емес, балам, – дейді Шәрипа апа, – Ауылдың күйбең тіршілігі біткен бе, сірә. Шалым Әзберген екеуміз Сабыр деген баламның, Жанар атты келінімнің қолында немере-шөберелерімізді бағып-қағып, солардың тәтті қылығына тоймай жүрген жағдайым бар. Әйтеуір, осы балапандарым аман болсын, солардың тілеуін тілеп отырамын. Алланың осы көрсеткен күніне мың мәрте шүкіршілік. Балаларымның бәрі осы киелі қара шаңырақта өсіп-өнді. Бұл береке дарыған қасиетті шаңырақ. Қолымызда мал бар, бау-бақша, жер бар, балаларым кетпен шауып, егіс егіп, жұрт қатарлы күнін көріп жатыр. Қолымдағы баладан басқасының бәрі Шымкент қаласында тұрады. Барлығының өз кәсібі бар. Сауда-саттық, кәсіпкерлікпен айналысады. Раушан деген қызым өмір бойы ішкі істер саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шықты. Осы қызым бауырларына қамқорлық жасап, бас-көз боп өсті. Осыншама баланы өсіп-жетілдіру де оңай болған жоқ. Әйтсе де жастай еңбектеніп, шаруашылықтың жұмысынан да қол үзгеніміз жоқ.
– Апа, осы сіз кезінде Асанбай Асқаровтың қабылдауында болып, қазақтың салтымен сәлем салған екен деген әңгімені құлағымыз шалған еді...
– Е, қарағым, ол рас әңгіме... Асанбай Асқаров осы облысты басқарып тұрған жылдары қабылдауында болдым. Сол жылдары балаларымның алды есейіп, Шымкент қаласына жұмыс істеуге барған еді. Бірақ, пәтер мәселесі өте қатты қинады. Көбінесе орыс ағайындардың үйін жалға алады. Қаладағы жалғыз ағайыны болғандықтан, ауылдағы барлық бауырлары, басқа да туыс-жекжаттар жиі қыдырып барады. Содан пәтер қожайындары жақтырмайды. Осы нәрсе қатты намысыма тиді. Содан барлық балаларымның туу туралы куәлігін алып, бірінші хатшы А.Асқаровтың қабылдауына бардым. Әлі есімде, Мәмбетов деген көмекшісі әлгі куәліктерді көріп «Осының бәрі өзіңіздің балаларыңыз ба?» деп таңғалды. «Иә» дедім. Барлық куәлікті алып, бірінші хатшының алдына кіріп кетіп еді, көңілді шықты. А.Асқаров сол күні түс қайта қабылдады. Ауылда үлкендердің тәрбиесін көріп өстік қой. Атшаптырым кабинетке кіріп барғанымда қазақы дәстүрмен алдымен бірінші мәрте көріп тұрған бөлмеге сәлем салдым, сосын сол бөлменің иесіне сәлем салдым. Асқаров қатты риза болды. «Мың жаса, қарағым» деп қолымды алып, орындыққа отырғызды. Содан отбасымның, ауылдың жағдайын сұрады. Бәрін жасырмай айттым. Азамат екен, көмекшісін шақырып алып, «мына кісіге тез арада пәтер берілсін» деп тапсырма берді. Бір айдың ішінде қаланың қақ ортасынан 4 бөлмелі пәтер берілді. Бұл шаңырақ бүкіл ағайынға құт баспана болды. Балаларымның барлығы сол жерден аяқтанды, сол пәтерден шаңырақ көтеріп, енші алды, жетілді.
– Ел Президентi бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ере