08 Қыркүйек, 2013

Жан дүниесі қазақы келін

584 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ақтаулық Зарина Андреевна Авсиевич 24 жаста. Екі жыл бұрын қазақ жігіті Жанмен бас қосып, шаңырақ көтерді. Қазақ тілінде еркін сөйлеп, ұлттық салт-дәстүр жөнінде қазақтың өзіне «ақыл айта алатын» Зарина – үлгілі келін.

 

Ақтаулық Зарина Андреевна Авсиевич 24 жаста. Екі жыл бұрын қазақ жігіті Жанмен бас қосып, шаңырақ көтерді. Қазақ тілінде еркін сөйлеп, ұлттық салт-дәстүр жөнінде қазақтың өзіне «ақыл айта алатын» Зарина – үлгілі келін.

IMG 7234

Зарина, жандүниеңізқаза­қы, жарыңыздақазақ. Қазақ хал­қымен осынша біте-қайнасып кетуіңізге не себеп?

– Менің анам – қазақ, әкем – беларусь. Әжемде поляк пен еврейдің қаны бар. Анамның әсері болар, қазақша сөйлеп өстім. Қазақ мектебіне 1-ші сыныпқа барған едім, бірақ бір тентек қазақ бала өңкей қараторылардың арасынан менің аппақ, сарғыш өңімді оғаш көрді ме «орыс, орыс ...» деп тақпақтатып, мазақтаған соң сыныптан кетуге мәжбүр болдым. Қазір сол балаға ерегескендей қазақ жігітімен тұрмыс құрдым. Жан – бір үйдің жалғыз баласы. Төркінімде 3 ұл, 2 қыз бармыз. Ағам қазақ қызына үйленді. Мен де Жан екеуміздің отбасымызда осынша бала болғанын қалаймын.

– Қазақ отбасыға келін болып түсу сізге қиын болмаған тәрізді, ал ата-енеңіз қалай қабылдады?

– Екі жақ та қарсы болған жоқ. Оған анамның, жеңгемнің қазақ болуы және осы екі жақтан араласатын, яғни Алматыға құдалыққа, тойға баратын жақын-жуықтың арасында қазақтардың көбірек болуы әсер еткен сияқты. Оның үстіне өзімнің де «қазақылығым» осал емес. Тіпті, Жанның отбасы салт-дәстүрді ұстанатын нағыз қазақ отбасы болса да, мен сыннан өтуге дайын едім. Ана тілін білмейтін қазақ достарым көп, «үйренбейсің бе?» десем, «қиын» дейді. Меніңше, қиын түгі де жоқ. Жолдасыма да ана тілін үйретіп жүрмін. Қазақ тілін білу менің жолымды біраз жеңілдетті. Бір орындарға, мекемелерге барып қазақша сөйлей жөнелсем, барлығы таңғалып, қуанып шаруам­­ды тез бітіріп береді. Тіпті, шай беріп, әңгімелесетіндер де жоқ емес. «Мемлекеттік тіл – менің ті­лім» байқауына тұрақты қатысып, жүл­дегер атанып жүрмін. Маған Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні, Фариза Оңғарсынованың өлеңдері және «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген мақал қатты ұнайды. Басқа да әндер мен мақалдар білемін. Оқушы кезімде теңіз жағасында өліп жатқан итбалықтарды көріп, эколог болуды армандаған едім. Алматыдан осы мамандық бойынша жоғары оқу орнын бітірдім. Қазір Ақтауда мұнай саласындағы компанияда жұмыс жасаймын. Жанның түсі кәдімгі дұрыс қара, ал мені аппақ деуге болады, екеуміз қатар келе жатқанда бізге күлетіндер де бар...

– Келіндік миссияны қалай атқардым деп ойлайсыз?

– Келін болып Алматыға түстім. Қазақы салтпен сырға салып, төркінім той жасап, ұзатып берді. Құдалық болып, қызық Алматыда болды. Енем де өзім Маңғыстауда араласып өскен нағашы жұртым – адай руынан екен, бірақ салт-дәстүрге жетік емес, орысқолдылау. Сәлем етсем, түсінбейді. Салт-дәс­түрлерді менің үйретуіме тура келді. Қазір ет асып, бауырсақ пісіріп, малдың ішек-қарнын тазалаудан алдыма жан салмаймын, той-садақаларда келін боп шай құю да маған еш қиын емес. Үлкенді сыйлап төрге отырғызу, қонақ келгенде малдың басын жасы үлкенге, сыйлы қонаққа ұсыну – менің бұлжытпай орындайтын әрекетіме айналды. Келінді тәрбиелейтін ене ғой, менің енем Алматыда тұрады. Ақтауда бөлек тұрсам да, қазақтың келіні екенімді ұмытпай, осы халықтың жөн-жоралғысымен жүріп, өзімді-өзім тәрбиелеп жүр­ген жайым бар, әрине, онда анам­ның үлесі мол. Дінге көп мән бер­меймін, бірақ болашақта қала­­­лық Бекет ата меш

Соңғы жаңалықтар