Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Шідерті-Өлеңті аумағына 100 миллион текше метр су жіберіледі

959 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, жыл сайын Шығыс Қазақстан облысындағы су қоймаларынан Ертіс өзеніне табиғатты қорғау мақсатында су жіберу шаралары іске асырылады.

Шідерті-Өлеңті аумағына 100 миллион текше метр су жіберіледі

Суретті түсірген: Ақмаржан Әділбек

Су өңірдегі көлдердің экожүйесінің құрғап кетпеуіне әсер етеді. Биыл да су қоймаларынан  Ертіс өзеніне су берілді. Шүлбі және Бұқтырма су қоймаларынан  жіберілетін  су  Ертіс өзені бойындағы жайылымға келіп жетеді. Қазір ауа райы мен қоймалардың жағдайы есепке алынып, су жіберу мерзімі мен босатылатын көлемі анықталуда. Сонымен бірге, Сәтбаев атындағы канал экологиялық мақсатта көктемде Павлодар, Қарағанды, Ақмола облыстарының жайылымдарына су жібереді. Шідерті өзені арқылы 100 миллион. текше метр су, Нұра өзені арқылы Қорғалжыңға 40 миллион текше метр су жайылады. Басқарманың мәліметінше, бұл өңіріміздің экологиясына, жайылымдар мен жануарлар әлемі үшін қажет. Яғни, қоршаған ортаның балансын қалпына келтіруге және өзенге жақын орналасқан аумақтағы экологиялық тепе-теңдікті сақтауға, сондай-ақ, көлдерді толтыру мақсатында жүзеге асырылады.

Ал, қазір Сәтбаев атындағы су арнасынан Шідерті-Өлеңті өңіріне су жіберу жұмыстары басталып кетті.

Басқарманың мәліметінше, су босату жөніндегі комиссияның шешімімен енді шамамен 100 миллион текше метр су босатылады.

Сөйтіп, Екібастұз қаласына қарасты ауылдары, Әулиекөлдің тоғыз көлі суға толады.

Сондай-ақ  Ақтоғай ауданында орналасқан 20 мың гектардан аса шабындық жерлерге, Басқамыс, Жалаулы, Жолболды ауылдық аумақтарына су барады.

5

 

Павлодар  облысы