Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы өзін-өзі оқшаулады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев бүгінгі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты баспасөз брифингіні өткізіп, журналистердің сауалдарына жауап берді.

Алматының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы өзін-өзі оқшаулады

Сондай-ақ кеше, 14 сәуірде Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері өз еркімен қызметінен босатылғаны белгілі.

Медициналық ұйым басшысының міндетін бүгінде Марат Шадыбайұлы Абдуллаев атқарып отыр. Оның денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі 40 жылды құрайды. 28 жылдан астам басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, үлкен ұйымдастырушылық қабілеті бар, сондай-ақ ол 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін осы стационардың басшысы болды.

Алматыдағы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы өзін өзі карантинге отырғызуға байланысты төмендегідей түсінік берді.

«Менің дербес оқшаулануыма келсек, осыдан 6 күн бұрын Орталық қалалық клиникалық ауруханаға барғандықтан, індет жұқтырғандармен тікелей байланыстағы адам болып табыламын, сондықтан әріптестерім қауіп-қатерге ұшырамас үшін өз-өзімді оқшаулауды ұстанудамын.

Мен өз әріптестеріммен бірге карантинге алынған сәттен бастап үш рет талдаулар өткіздім – барлығының нәтижесі теріс», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.