Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Алматы іргесіндегі ең ірі «Асыл арман» тұрғынүй кешені карантиннен шықты

378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіл тұрғыны өздерін алматылық деп есептесе де, құжат бойынша Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты «Асыл арман» тұрғынүй кешені карантиннен шықты. 20 мыңнан астам адамы бар аталмыш тұрғынүй кешені 2 сәуірден бастап оқшауланған болатын.

Алматы іргесіндегі ең ірі «Асыл арман» тұрғынүй кешені карантиннен шықты

Сонымен Қарасай аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес «Асыл Арман» тұрғын үй кешені карантиннен алынды.

«Облыстағы үшінші сырқат жүктіліктің 21-22 аптасындағы 1995 жылғы келіншек. Мұнан кейін осы тұрғын үй кешенінде тұратын 1957 жылы туған тағы бір әйелдің ауырғаны анықталған еді. Осыған байланысты коронавирус инфекциясының бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында  «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінде 1 сәуірден бастап карантин енгізілген. Сол уақыттан бері тұрғын үй кешені аумағында медицина қызметкерлерімен және тәртіп сақшыларымен бірге әскери-еріктілер де қызмет етті. Вирус жұқтырған әйелден тағы да сараптама алынғаннан кейін ол ауруханадан шығарылды, ал 1957 жылы туған тұрғын ем қабылдап жатыр», - деді облыс әкімдігінің өкілдері.