Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Тілеухан Әбілдаев: Алматыда дәрігер жетіспеушілігі болмайды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 15 сәуірдегі түске дейінгі мәліметтерге сәйкес, Алматыдағы 218 медицина қызметкерінде COVID-19 диагнозы зертханалық талдамалар арқылы расталып отырғаны аян.

Тілеухан Әбілдаев: Алматыда дәрігер жетіспеушілігі болмайды

Сондықтан да мегаполисте дәрігерлер жетіспеушілігі орын алуы мүмкін бе деген БАҚ өкілдерінің алаңдаушылық білдірген сауалына Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев:

«Медициналық қызметкерлер арасында кеше 2 әріптесіміз ауыр халде жатқан болатын. Бүгін олардың жағдайы оңалып келеді. Қазір олардың денсаулығы орташа деп бағалауға болады. Қазір қаланың стационарларында жатқан 25 әріптесіміздің жағдайы орташа. Ал басқаларының жағдайы қанағаттанарлық. Қалада медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалмайды. 11 күннен соң оқшауланған дәрігерлердің көпшілігі жұмысқа шығады. «Олар емдеу мекемелеріне қайта оралады деп сенемін», – деп жауап берді.