Күн тәртібін құрыңыз
Ұйқы, тамақтану, сабақ оқу уақытын жоспарлаңыз. Сондай-ақ баланың өз бетінше оқу уақытын белгілеңіз.
Мұғаліммен кері байланыста болыңыз.
Материалды меңгеруде қиындыққа тап болсаңыз, сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне хабарласыңыз.
Оқуға жағдай жасаңыз.
Сабақ оқитын ыңғайлы, тыныш орын болуы керек. Артық заттарды үстелден алып тастаңыз.
Тапсырмалардың орындалуын қадағалаңыз.
Үй жұмысын орындауды бақылауда ұстаңыз.
Балаларға барынша қолдау көрсетіңіз.
Кеңес беріп, балаңызбен пікір алмасыңыз. Оқу барысындағы қиындықтар мен жетістіктер турлы сөйлесіп отырыңыз.