09 Қыркүйек, 2013

Түркияда наразылық акциясы болды

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09 09 TurkeyТүркияның Ыстамбұл мен Адана қалаларында биліктің университет аумағындағы талдарды кесу жөніндегі шешіміне қарсы наразылық акциялары болып өтті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Ереуілшілерді тарату үшін полицияға су мен көз жасаурататын газ қолдануға тура келді. Жергілікті телеарналар 10 шақты адамның қамауға алынғанын мәлімдеді.

Адана қаласында ондаған адам Ататүрік атындағы саябақта жиналып, шерулерін қала орталығына қарай бағыттауға бекінген. Көшелердің бірінде полиция оларға тосқауыл жасап, шеруді тоқтатпақ болды. Алайда, ереуілшілер көшеде баррикада құрып, тәртіп сақшыларына тас лақтыра бастады. Ашынған топты тарату үшін құқық қорғаушылар су мен көз жасаурататын газ қолданған көрінеді.

Ыстамбұл қаласында жүзге жуық адам көшелерде от жағып, баррикадалар құру арқылы көлік қозғалысын тоқтатып тастады. Полицияның халықты тарауға шақырулары нәтиже бермеген соң, оларға қарсы арнайы амалдар қолданылды. Ереуілшілер өз кезегінде таса жерлерге шегіне беріп, полиция қызметкерлеріне тас лақтырды.

Айдар Өрісбаев.