Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

«Әбу Насыр әл-Фараби: әлемдік ғылымға қосқан үлесі» ғылыми онлайн-семинары өтті

323 рет көрсетілді

Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Ғылым онкүндігі - 2020» аясында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасында «Әбу Насыр әл-Фараби: әлемдік ғылымға қосқан үлесі» ғылыми онлайн-семинар өтті.  

Кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева және 1-2 курс студенттерінің эдвайзерлері Тұрар Акылбекова, Балкенже Жолдасбек, Фарида Бухарбаева, Салтанат Заурованың ұйымдастыруымен өткен ғылыми семинардың мақсаты - университет жастарына әл-Фарабидің көпқырлы және бай мұраларын дәріптеу.

Ғылыми семинарға Ғылым департаментінің директоры Саябек Сәхиев, Жаратылыстану және география институтының директоры Күляш Каймулдинова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмагулова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева, кафедраның профессор-оқытушылары мен 1-2 курс студенттері қатысты.

Семинардың кіріспесін Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев бастап берді. Ұлы ғалым, философ әл-Фарабидің мұрасы мен ғылымға қосқан үлесі, трактаттарындағы білім, тәрбие мәселелері жайында баяндамалар жасаған 1-курс студенті Аяулым Әдепхан, 2-курс студенттері Әсел Төлеуханова, Алзира Сәндібекова, Сымбат Саяқбаева, Әйгерім Сәдуақасова, Малика Искандерова видеороликтер мен мультимедиялық презентациялар көрсетті.

Ойшыл ғұламаның шығармалары, әсіресе жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша жазған еңбектері әлемдік ғылымның, әлемдік философияның дамуына үлкен ықпалы болғандығы, сан қырлылығы студенттердің қызығушылығын тудырды.

Шара соңында институт директоры Күләш Каймулдинова семинардың өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға алғысын білдірді.

 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Вирус мутацияға ұшырады

Коронавирус • Кеше

Ұқсас жаңалықтар