09 Қыркүйек, 2013

Сергей Собянин қарсыластарынан басым түсті

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

09 09 SobyaninМәскеу қалалық сайлау комиссиясы қала басшысы қызметіне үміткерлердің жинаған дауыстары бойынша алдын-ала санақ жүргізді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Алдын-ала жүргізген санақтың нәтижелері бойынша, Сергей Собянин – 51,37, Алексей Навальный – 27,24, коммунист Иван Мельников – 10,69, «Яблоко» партиясының көшбасшысы Сергей Митрохин – 3,51, Ресей либералды-демократиялық партиясының өкілі Михаил Дегтярев – 2,86, Әділетті Ресей партиясының өкілі Николай Левичев – 2,79 пайыз дауыс жинаған көрінеді.

Мәскеу қалалық сайлау комиссиясының мәлімдеуіне қарағанда, қала басшысын таңдауға сайлаушылардың 32,07 пайызы қатысқан.

«Алдын-ала белгілі болған нәтижелерге қарағанда, сайлау бір айналыммен аяқталып отыр. Сайлаудың екінші айналымы болмайды», – деп хабарлады Мәскеу қалалық сайлау комиссиясының басшысы Валентин Горбунов.

«Біз сайлаудың нәтижесімен келіспейміз. Сайлау екі айналымнан тұруы керек», – деп мәлімдеді Алексей Навальный.

Өз кезегінде Сергей Собянин көпшілік алдында жеңісіне сенімді екенін айтты. «Қорытынды нәтиже бойынша біз бәрібір жеңіске жетеміз», – деді ол.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22