03 Сәуір, 2010

АЛҒЫС АЙТАМЫЗ

775 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласы бойынша Экономи­ка­лық қылмысқа және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы күрес департаментінің аға жедел кезекшісі Қайрат Шайдуллин отбасын трагедиялық жағдайда жоғалтты. Бұл түнде Қайрат кезекті қызметін атқару үстінде таңертең өзінің жалғыз қалатынын білген жоқ. Өрт ешкімді де – әйелін, балаларын, екі жастағы Руслан, ересектері Ринат, Ришат пен Динаны да аямады. Шайдуллиндердің тату-тәтті отбасы тұр­ған үй жанып кетті. Бұл ауыр қаза үс­тінде Қайратқа еліміздің барлық қаржы полиция қызметкерлері және Астана қа­ласының әкімдігі қолдау көрсетті. Осыған орай Астана қаласы ЭСЖҚД ұжымы осы қайғылы оқиғадан қалыс қалмай көмек көрсеткендерге алғыс айтады. Д.АЙТЖАНОВ, Астана қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.