Спорт • 16 Сәуір, 2020

Самбо күресінің ізашары қайтыс болған күн

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан дәл 41 жыл бұрын, яғни 1979 жылдың 16 сәуірінде Мәскеуде самбо күресінің негізін қалаушыларының бірі Анатолий Харлампиев қайтыс болды.

Самбо күресінің ізашары қайтыс болған күн

Анатолий Харлампиев 1906 жылы Смоленскіде дүниеге келді. Ол саналы ғұмырын толықтай самбо күресін дамытуға, әлемнің бірқатар мемлекеттерінде оның кеңінен қанат жаюына арнады. Ұлы Отан соғысы кезінде майдан шебінде батылдығы және батырлығымен көзге түсіп, бірнеше рет орден және медальдармен марапатталды. Қан майданнан оралғаннан соң да самбоның көсегесін көгерту жолында тынбай еңбек етті. Ғылыми еңбектер жазып, күрестің осы түрін барынша насихаттады. Ол 73 жасқа қараған шағында қайтыс болды. 

Бұл күндері Мәскеуде Харлампиевтің атында көше, институт пен мектептер бар. Сонымен қатар самбо күресінің ізашары құрметіне Ресейде жыл сайын халықаралық турнир өтіп тұрады.