Қоғам • 16 Сәуір, 2020

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысты ұсыныстар тиісті министрлікке жіберілді

134 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарастыруда Үкіметтің селекторлық отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин  құрылыс маусымын дер кезінде бастау, тұрғын үйдің жоспарланған көлемін енгізу және бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысты ұсыныстар тиісті министрлікке жіберілді

«Атамекен» ҰКП онлайн-алаңында бағдарлама және құрылыс саласы үшін дағдарысқа қарсы шараларға қатысты мәселелер талқыланды. Пікірталасқа барлық өңірлерден бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысып, сала мамандарына сұрақтар қойды. Талқылау барысында бизнес бағдарлама шеңберінде несиелік тұрғын үй бойынша бағалық параметрлерді ұлғайту бойынша шараларды қолдады. Осы орайда шаршы метрдің көрсетілген құнына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және көркейтуді жұмыстары кірмейтін болады. Құрылыс қоғамдастығы аталған бағадан паркингтерді салу шығындарды алып тастауды ұсынылып, тиісті мақсаттағы жер учаскесі бар немесе көпқабатты тұрғын үй құрылысына немесе салынып жатқан құрылысқа арналған жобалық-сметалық құжаттамаға ие адамдарға бағдарламаға қатысу бойынша жеке бастаманы іске асыру мүмкіндігін беру бойынша шаралар қолдау тапты.

ҰКП «Тұрғын құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың «5-10-20» бағдарламасын іске асыруға қосымша ақша бөлу бойынша ұсынысын қолдады. Өйткені аталған бағдарлама аяқталған, салынып жатқан тұрғын үйлерді сатудың қосымша көздерін реттейді. Осы ретте дайын тұрғын үйдің параметрлері қарыздың максималды сомасына қарай өзгереді.

Құрылысшылар «7-20-25» ипотекалық бағдарлама параметрлерін қайта қарау, атап айтқанда қарыз сомасын ұлғайту қажеттілігі туралы пікірлерін білдірді. Осы ретте ҰКП қарыз алушылар үшін ай сайынғы төлем мөлшерін, оның ішінде бастапқы жарнаның құнын 30-50%-на дейін көбейту арқылы шектеу нұсқаларын талқылауға дайын. Екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, өзара тиімді механизмдерді әзірлеуді ұсынды. 

Сондай-ақ жиын барысында қатысушылар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына бағдарлама шартына сәйкес келу өте қиын екенін атап өтті. Өйткені аталған қалаларда көпқабатты тұрғын үйлерді салу өңірлерге қарағанда қымбатқа түседі. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының көпқабатты тұрғын үйлерді салуға қатысуының үлес салмағы 50%-ды құрайды. Бұл қалаларға бағдарламада ерекшеліктерін ескере отырып, тұрғын үйлер салу және сату шарттары мен тетіктерін қарастыратын жекелеген бөлім әзірленуі тиіс.

Ұсыныстар Индустрия және инфрқаұрылымдық даму министрлігі және Ұлттық экономика министрлігіне жіберілді.