10 Қыркүйек, 2013

Киіктер неге қырылды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

киік-22013 жылдың 7 қыркүйегінде Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында киіктердің (ақбөкендердің) бетпақдала популяциясының (алдын ала мәліметтер бойынша) 3000-ға жуық басының қырылуы тіркелді. Олардың 1500-ге жуығы Теңіз көлінің оңтүстік, батыс және солтүстік жа­ғалауларында табылды. Қырылған киіктер жазық далада да кездескен.

 

2013 жылдың 7 қыркүйегінде Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында киіктердің (ақбөкендердің) бетпақдала популяциясының (алдын ала мәліметтер бойынша) 3000-ға жуық басының қырылуы тіркелді. Олардың 1500-ге жуығы Теңіз көлінің оңтүстік, батыс және солтүстік жа­ғалауларында табылды. Қырылған киіктер жазық далада да кездескен.

Жануарлардың қырылуы жөнінде барлық мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға жедел хабар берілді.

Қазір Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрлігінің Орман және аңшылық ша­руа­шылығы комитетінің бағынысты қыз­меттерінің мамандары Биоқауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты және Қа­ра­­ған­ды облыстық ветеринария қыз­ме­тімен бір­лесе отырып, киіктердің қы­ры­­лу аума­қ­­­­­­­­тарын тексеру, орын алған оқи­­­ғаның ауқы­­мын және себептерін анық­тау шара­ларын жүргізіп жатыр.

Қоршаған ортаны қорғау минис­трлігінде шұғыл кеңес өткізілді. Киік­тер­­дің жаппай қырылу себептерін анық­­­тау мақсатында Орман және аң­шы­лық шаруашылығы комитетінің төр­­ағасы Бағдат Азбаевтың басшы­лы­ғын­дағы жұмыс тобы құрылды. Бұл топ­қа мүдделі мемлекеттік органдардың (Қарағанды және Ақмола облыстық экология департаменттері, ветеринарлық қызметтер, төтенше жағдайлар, ішкі іс­тер департаменттері және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі) өкілдері тартылды, деп хабарлады Қор­шаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

100-ге жуық байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 08:17

Асыл тас хикаясы

Таным • Бүгін, 08:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:10

Үшем өмірге келді

Қоғам • Бүгін, 07:55