Сала мамандары ел Үкіметі мен Ұлттық банкті электронды интерчейндж кезінде шектеулі банкаралық комиссияны белгілеп, оның 0,7%, ал интернет-эквайрингтің шектік мөлшерін 1% асырмауды сұрайды.
Дағдарыс кезінде экономиканың қызмет көрсету саласын қолдаудағы маңызды қадамдардың бірі электронды төлем барысында банкаралық комиссияларды шектеу. Ұлттық банктің төмендету мөлшерлемесі дәріханалардан өзге қажеттіліктерге жүрмейді. Азық-түлікті онлайн сатып алу, тағамды үйге жеткізу, үйге арналған тауарлар, электроника, т.б. мәселелер өзекті болып отыр.
Қазіргі кезде интерчейндж 1,6-1,7% құрайтындықтан, электронды сауда өкілі үшін әр саудадан төлем жүйесіндегі комиссиямен 2,4-3% төлеуге тура келеді. Бұл көрсеткіш тұтынушының қалтасына да әсер етеді. Яғни, тауар бағасы қымбаттайды әрі элекронды коммерциямен айналысатын компанияның тапқан табысына ықпал етеді. Бұл бір жағынан көлеңкелі экономиканың дамуына соқтыратын болса, екіншіден сапалы жұмыс орындарын құруға кері ықпалын тигізеді, дейді электронды нарық қатысушылары. Дамыған елдерде интерчейндж мөлшерлемесі регулятормен бекітіліп, мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынған. Мысалы, Еуро одақ елдерінде дебеттік мөлшерлеме 0,2% болса, несиелік мөлшерлеме 0,3%.