Экономика • 16 Сәуір, 2020

Карантин қор нарығының көрігін қыздырып жіберіпті

154 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Дағдарыс қор нарығы үшін мүмкіндіктер ашып тұрғаны үшін дәлелді алыстан іздеудің қажеті жоқ.  Мұны төмендегі мәліметтерден байқауға болады. Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, сәуірдің басында жеке тұлғалардың Орталық депозитарийдегі шоттарының саны 119 361–ге жетті.

Карантин қор нарығының көрігін қыздырып жіберіпті

Сарапшылар тұрғылықты халқының кемінде 20 пайызы қор нарығына қатысса ғана жұмыстың алға жүретінін айтып келген. (2019 жылдың аяғында - 1,3%). Сәуір айының алғашқы онкүндігінде бұл көрсеткіш 1,4 1,4% құрады. «Наурыз, сәуір айларында  жеке тұлғалар 500-600 жаңа сауда шоттарын ашады. Бұл өте жақсы нәтиже» - деп хабарлайды KASE. Салыстыра кетсек, бұл көрсеткіш АҚШ-та 60 пайыз, ЕО елдерінде 10-20 пайыз. Түркиялықтардың 15 пайызы қор нарығы арқылы инвестжобаларды қаржыландыруға басымдық береді. Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш 1 пайыздық деңгейде. Бұл қазақстандықтардың мүмкіндігімен салыстырғанда өте аз.

Сарапшылар қазақстандықтарға қор нарығының тартымдылығын арттырудың кезі енді келді. Бірақ оның тартымдылық шекарасы Алматы мен Нұр-Сұлтаннан әрі  аса алмай тұр. Алыс аудандардағы инвесторлар үшін KASE-нің сауда алаңдары әзірге қол жетімді емес. Қор нарығына қатысуға ықылас білдіріп отырған қазақстандықтардың 1 пайызы – Алматы, Астана және Ақтау қалаларының үлесінде.

«Бұл тиімді ме, ұтылып қалмаймыз ба?» деген көп көңіліндегі күмәнге қор нарығы инвестициялық кеңесшілерінің Алматы мен Астанадан әрі аса алмай отырғаны себеп екен. Тимур Турловтың пайымдауынша, бұл уақытша құбылыс екен. Қор нарығы басшылары, инвестициялық компаниялар 2016-2017 жылдар арасында конференциялар өткізіп, Қазақстанның барлық аймағындағы инвесторлармен онлайн-трансляция арқылы байланысқа шықты. Нәтижесінде қазақстандықтардың басым көпшілігі инвестор болуға дайын. 2018-2020 жылдар арасында жекешелендіру барысында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына тиесілі «Қазақстан теміржолы», «Самұрық-Энерго», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазпошта», «ҚазМұнайГаз», «ТауКен-Самұрық», «Эйр Астана» компаниялары акциялары сатылымға шығарылуы инвесторлардың қызығушылығын оятып отыр.
Биржаның өкілдері мұның себебін  нарықтағы инвестициялық опциялар туралы мәліметтердің көптеп жариялануымен,  сондай-ақ қор биржалары мен сауда-саттық есебін қашықтан ашу технологияларының төмендеуімен түсіндіріп отыр. Ал тәуелсіз сарапшылар болса, белсенділіктің себебін басқадан іздейді: Осыған БАҚ-та қор нарығының әлеуеті дұрыс бағаланбайды деген пікірдің бәсі басым болып келген. Қазақстандық салымшылардың басым көпшілігі консервативті көзқарастың шеңберінен шыға алмай, банк депозиттеріне басымдық беріп келген. Мысалы, қор нарығының сарапшысы Елена Алчуева  тек қазақстандық салымшылар қаржы, қор нарығына қатысты ақпараттардың қысымында қалғанын айтады: Құнсызданып кеткен теңгемен бірге атынан ат үркетін алпауыт компаниялардың акциялары да арзандап шыға келген: «Осыған дейін компаниялардың  әр жарты жылда немесе тоқсан сайын акционерлеріне дивиденд беріп келгені жайлы ақпараттардың басы ашық болды: Бұл жерде тұтынушы ұтылмайды, акциялар арзандап кетсе, салған қаржысы сақталады. Бұл жолы алпауыт компаниялардың акцияларының құны арзандап кетуі салымшылардың назарын аударып отыр: Олар жыл аяғына дейін олардың қазіргіден 50 немесе 100 пайыз қымбаттайды.  Белсенділіктің себебі сол» дейді   Елена Алчуева.  Ал енді биржа ұсынған мәліметтерде  мемлекеттік бағалы қағаздар арасында Оман Сұлтанатының (54%), Түркияның (34%) және Украинаның (9%) облигациялары қазақстандықтар  тарапынан ерекше сұранысқа ие болғанын айтады: Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының ішінде SPDR S&P 500 ETF акциялары (55%), Freedom Finance (22%) және Centras - Global Markets (22%) акциялары ең көп сұранысқа ие болыпты. Наурызда шот ашқан жаңа инвесторлар  көпшілігі (47%) Халық банкінің бағалы қағаздарын, 25% - «КазТрансОйл», 7% - «Сбербанк», 7% - «KAZ Minerals» және 3% - «Банк ВТБ» сатып алды.

«Соңғы айларда Халық Банкінің акциялары сұранысқа ие болды. Бұл сұраныс  21 ақпаннан бастап өсті. Себебі сәуір айының қор биржаларында акциялардың бағасы 35% арзандап кетті. Қалтасы соншалықты қалың емес қазақстандықтар осы мүмкіндікті пайдаланғысы келді», - деп түсіндірді биржада.

Қазақстан қор биржасының өкілдері наурыз айынан бастап қазақстандықтар үшін жаңа жобаның тұсауы кесілгенін айтады: Ол «Көшбасшылар» деп аталады. Аты айтып тұрғандай, бұл жобаға дағдарыс қыспағынан бірінші болып шыққан  компаниялар қатысады екен. Осы жобаны үйлестіріп отырған Фридом Финанс компаниясының өкілдері  жобаны  қазақстандықтардың мүмкіндігіне сай үйлестіргенін айтады. «Капитализациясы және өсу әлеуеті жақсы мықты компанияларды іріктеп алдық. Олар – Amazon, Microsoft, Google, Adobe, AMD, Fortinet », - деді Freedom Finance басшысы жрналистермен өткен вебинар жиында.

Компания бұл портфель экономика салаларын таңдауға және жеке активтерге инвестициялау уақытына шектеулер қоймағанын айтады. «Ноталар - бұл интервалды ескерту, бұл оны белгілі бір мерзімде сатып алуға немесе сатып алуға болатындығын білдіреді», - деп атап өтті Фридом Финанс өкілдері. Сонымен қатар, ең аз ұсынылатын инвестициялық кезең бір жылдан басталады. Акцияларға қойылатын талаптарға келетін болсақ, өтімділік күніне бір акция үшін кемінде $ 3 бағамен 200 мың акциядан кем болмауы керек, бір активтің үлесі портфельдің 30% -дан аспауы керек, бір саланың үлесі 50% -дан аспауы керек, ал маржаны пайдалану керек меншікті қаражаттың 200% -нан аспайды, опциондық стратегия үшін ең үлкен тәуекел портфельдің 10% -нан аспайды.

Сондай-ақ, Freedom Finance портфолиосында таңдалған әр компанияның негізгі көрсеткіштерін атады. Атап айтқанда Amazon-тың мақсатты бағасы 2,5 мың долларға жетеді, әлеуеті - үш-алты айдың шегінде 19%. Майкрософттың мақсатты бағасы - 195 АҚШ доллары, әлеует үш айдан алты айға дейін 42%.  

«Фридом Финанс» компаниясының бас директоры Тимур Турлов вебинар барысында Еуропа елдеріндегі пандемиямен күресудің оң динамикасын атап өтті.  «Италия өзінің шарықтау шегіне жетті. Испанияда ауруды жұқтырғандардың саны азайды.  АҚШ-та да жағымды жаңалықтар легі бар. Қытай да қалпына келе бастады. ҚХР тәрізді алпауыт елдің экономикасының өсімі Қазақстанға мультипликативті әсер етеді.  Менің ойымша, сәуір айының соңына дейін әлемдегі карантиндік шектеулердің басым бөлігі жеңілдейді. Сосын экономика біртіндеп ашылып, қалпына келеді», - деп күтеді ол.

Сонымен қатар, «Фридом Финанс» басшысы инвесторларға пандемия кезінде акциялары жақсы сатып алынған бірнеше компанияларға назар аударуға кеңес берді. «Бағалы қағаздар біршама құлдырап, кейін айтарлықтай өседі. Қазір мүмкіндіктер кезеңі. Мысалы  Амазон компаниясы 2020 жылдың алғашқы тоқсанында  $ 1,35 млрд пайда тапты. Егер сіз Амазонды пандемиядан бұрын және кейін салыстырсаңыз , содан кейін көрсеткіштер өте жақсы. Microsoft компаниясының  акциялары арзандап кетті. Бұл оларға  акцияларын қысқа мерзімде арзан бағамен  сатуға мүмкіндік берді.  Қазір қазақстандықтарға  Adobe компаниясының акциясын сатып алуға кеңес беремін. Бұл қор нарығының дағдарысынан жарғылық қорын көбейтіп алған компания.   Басқаша айтқанда қор нарығындағы дағдарыс менеджерлері деп осы компанияларды айтуға болады» дейді Тимур Турлов. 
Тимур Турловтың айтуынша, осындай жас компаниялар, қор нарығында бағын енді сынап келе жатқан инвесторлар үшін жақсы мүмкіндік екенін айтады. Олардың ациясының бағасы қол жетімді.Және назар аударатын тұс – олардың бағасы тым арзандап да кеткен жоқ. Бағаны бірқалыпты ұстап тұрды. «Олар осы тоқсаннан бастап пайдаға жұмыс істей бастайды. Қор нарығы тарихында акциясы тым қымбаттап кетпеген, арзандатпаған да компаниялардың болашағы бар екені дәлелденген » дейді Тимур Турлов .   Әрі қарай, ұлттық валюта дағдарыстан кейін бастапқы деңгейіне қайта орала ма деген сұраққа жауап бере отырып, Турлов мұндай сценарийге күмәнданатынын айтты.

«Мұнай бағасы қалпына келсе де, валюта бұрынғы бағамына оралмайды. Қосымша тыныс алуы мүмкін. Бірақ бұрынғы бағаға қайта оралмайды» дейді ол. 

 

АЛМАТЫ