10 Қыркүйек, 2013

Аңшылық маусым басталды

810 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аң аулау ережелерінің талаптарына сәйкес, Қа­­зақстан аумағында 7 қыркүйектен бастап суда жүзетiн құстарға, тұяқты жануарлар мен жыртқыштарға күзгі аңшылық маусымы басталады.

Қазақстан аумағында аң­шылық нысандарына құс­тардың 59 және сүт­қо­рек­тілердің 34 түрі жатқы­зы­лады. Қолданыстағы заң­на­ма талаптарына сәйкес, аң­шылық жүргізу тек аң­шылық шаруашылықтар аумақ­тарында ғана рұқсат етіледі.

Қазақстанның аңшылық алқаптарының жалпы ауданы 228 млн. га құрап, оның 120,4 млн. га (53,0%) аңшылық ша­руашылықтарына қарасты.

Бүгінгі күні республи­ка­мызда 634 аңшылық шаруа­шылықтары тіркелген. Қо­рықшылар саны 2447 адам­ды құрайды. Жануарлар дү­ниесін қорғау шараларына 2103 автокөлік және басқа да техника жұмылдырылған. Ел бойынша 130 мыңнан астам аңшы тіркелген.

Әуесқой (спорттық) аң аулаушы аңшыда мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) аңшы куәлігі;

2)Қазақстан Рес­пуб­­ликасының салық заңнама­сында бекітілген аңшы куә­лігін жыл сайынғы тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығының төленгені туралы түбіртек;

3) жануарлар дүниесін пай­далануға рұқсат;

4) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

5) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқ­саты;

5) жыртқыш құстармен аң аулаған кезде белгiленген тәртiппен берiлген тіркеу туралы құжаттар.

Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорық­шының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізілуі тиіс. Осы жануарлардың олжа­ланғаны туралы белгіні осы адамдар жасайды.

Ен салынған (сақина, микрочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжалау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип және басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшы­лықты жүзеге асыратын уәкi­леттi мемлекеттік органға тап­сырылу үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уәкiлеттi тұлғасына немесе Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық аумақ­тық бөлімшелеріне беріледі.

Аңшылық жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз етіп, аңшылық алқаптардың тұр­мыстық, кәсіптік қал­дықтармен ластануына жол берілмеуі тиіс.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заң мен Қазақстан аумағында аң аулау ережелерінің талаптарын орындамаған азаматтар еліміздің қылмыстық және әкімшіліктік заң бұзу­шылықтар туралы кодекстері бойынша жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған активтің игілігі

Аймақтар • Бүгін, 08:40

60 отбасының қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ата заң жобасы сараланды

Саясат • Бүгін, 08:22