Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Жанашыр көршілер бір түнде төрт адамды құтқарды

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстанның Айыртау ауданындағы Карловка селосында   түнгі сағат бірде басталған өртті көршісі Ринат Зайнутдинов алғашқы болып көреді. Бұл үйдің тұрғындары үш қарт екенін білетін ол құтқаруға көз жұмып кірісіп кетеді.

Жанашыр көршілер бір түнде төрт адамды құтқарды

Алдымен өрт сөндіру қызметіне хабарласқанымен олар жеткенше адамдардың шейіт кететінін сезген ол қарындасы Любовь Стрелковамен бірге көршінің есігін бұзып кіріп, алдымен қаннен қаперсіз ұйықтап ерлі-зайыпты Клецовтарды оятады. Сосын олардың көзі көрмейтін шешелері, өздігінен жүре алмайтын 86 жастағы Эмилия Генриховнаны сыртқа шығарады.

Сөйтіп, өрт сөндіргіштер жеткенше адамдарды көршілері оттан құтқарған. Ал өрт сөндірушілер оттың жайылуна жол бермей, тез өшірді. Алайда үйдің төбесі күйіп үлгерген. Өрт толығымен түнгі сағат үш жарым кезінде өшірілді. 

Дәл сол түні аудан орталығы Саумалкөл ауылында да өрт шыққан. Шоғын сөндірмей ұйықтап қалған 68 жастағы үй иесінің темекісінен түскен күл астындағы матрацын бықсытып, үйдің ішін қалың түтін қылған. 68 жастағы Сергей Васильевич алкогольдік мас күйінде болса керек. Қазір ол ауданның орталық  ауруханасына жеткізілген. Оны да үйдің көк түтін екенін сырттан көрген көршілері Руслан Байбосынов пен Алексей Доценко құтқарған. Сөйтіп, қырағы көршілер бір түнде төрт адамды ажалдан алып қалды.

Солтүстік Қазақстан облысы