10 Қыркүйек, 2013

Ойылдағы жаңа мектеп

296 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында ойылдықтар қос бірдей қуанышқа кенелді. Бұл ауданда екі жаңа мектептің ашылуына байланысты болды. Ақшатау ауылында пайдалануға берілген жаңа мектептің ашылу салтанатына ауылдықтар тайлы-тұяғы қалмай жиналды десе де болғандай. Мұның себебі де бар. Аудандық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменовтің айтуынша, ақшатаулық балалар бұған дейін апатты жағдайдағы 9 жылдық мектепте оқып келіпті. Енді, міне, кең де жарық жаңа мектеп пайдалануға беріліп,10-сынып ашылып, білім ұясы орта мектеп мәртебесіне ие бо­лып отыр. Жаңа мектептің құрылысымен «Бөбек құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысқан.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыстан арнайы келген осы өңірдің тумасы, ардагер дәрігер Тұрар Шериязданов «Көркейе бер, туған жер» акция­сы аясында мектепке компьютер сыйлады.

Құмжарған ауылындағы Соркөл орта мектебінің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова: – Ауылдарыңызда сәулетті де еңселі білім ұясы бой көтерді. Жаңа мектеп құтты болсын! Ақтөбе облысында соңғы он жылда 51 жаңа мектеп салынды. 43 апатты жағдайдағы білім ғи­мараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Ал Ойыл ауда­нында өткен жылы 4 мектеп ашылса, биыл екі бір­дей білім шаңырағы бой көтеріп отыр. Ендігі мақ­сат – оқушылардың сапалы білім алуына қол жеткізу бол­мақ – деді.

Жаңа мектептің лентасы қиылғаннан кейін, әжелер шашу шашты. Қонақтар жаңа мектепті аралап көрді. Мектеп ғимаратының құрылысына 170 миллион теңге жұмсалған.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.