10 Қыркүйек, 2013

Бұл маусым бұрынғыдан өзгерек...

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа ғана басталған күз айының алғашқы күнінде бір шаңырақтың астындағы Абай және Достоевский атындағы драма театрлары жаңа маусымының ашылуы «Театр шатырда және сахнада» деген тақырыппен ерекше жағдайда атап өтілді.

 

театр-1

Жаңа ғана басталған күз айының алғашқы күнінде бір шаңырақтың астындағы Абай және Достоевский атындағы драма театрлары жаңа маусымының ашылуы «Театр шатырда және сахнада» деген тақырыппен ерекше жағдайда атап өтілді.

Ал оның мәнісі мынада еді. Яғни, қос теа­тр ұжымы өз көрермендерімен алдымен ашық аспан астында, содан кейін сахнада жүздесті. Айталық, өнер жұлдыздарының ашық аспан астында Абай мен Шәкәрім арасындағы туыстықтан да бөлек рухани жақындықты бейнелейтін көрінісі көрерменді ерекше әсерге бөледі.

Бұдан кейін театр жанашырлары залға шақырылды. Мұнда театрдың ашылу салтанаты қос театрдың алма-ке­зек өнеріне жалғасты. Өнер ордасының басшылары көрермендерге жаңа маусымның жаңалықтарын жет­кізді. Сонымен бірге, кө­рермендер театрдың ішкі өмі­рімен де жете танысты.

Хакім ақын атындағы театр ұжымы үшін биылғы маусымның жөні тіптен де бөлек екендігі де айтылмай қалмады. Яғни, еліміздегі ең байырғы өнер ұжымы өзінің сексенінші маусымын бастап отыр. Бұдан жүз жылға жуық уақыт бұрын қазақ театрының қарлығашындай жас Мұхтардың «Еңлік-Кебегімен» Ойқұдықта алғашқы іргетасы қаланған Семей театры 1934 жылы ресми түрде ашылған еді. Соның бәрі әсерлі кеште кеңінен қозғалып жатты.

Иә, бұл маусым сондықтан бұрынғыдан өзгерек.

Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ.

СЕМЕЙ.