Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматыда індет жұқтырған жүкті әйел балпанақтай ұл тапты

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 13 сәуір күні бұл әйел жүктіліктің 39-шы аптасында вирус жұқтырғандармен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген еді.

Алматыда індет жұқтырған жүкті әйел балпанақтай ұл тапты

Өкінішке орай, індетке қарсы талдаулар алынған кезде, оң нәтиже берген болатын. 15 сәуірде дәрігерлер талдау көрсеткіштері бойынша оған кесар операциясын жасап, босандырды. Нәтижесінде салмағы 3,5 килодан асатын балпанақтай бала дүниеге келді. Бұл пациенттің екінші баласы.

«Жаңа туған нәрестеден де бірден алынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Жаңа туған нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір анасының жағдайы жақсы, ол жақын арада емдеуді жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады.

Пациент Covid-19-дан сауығып, жазылған кезде ұлымен бірге болады.

№1 Қалалық клиникалық аурухана провизорлық орталық болып табылатынын атап өткен жөн. Онда КВИ диагнозы бар жүкті әйелдердің босануы тікелей қабылдануда.

 

АЛМАТЫ