Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Өмір жүрегі ізгі жандармен жеңіл

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда жүрегінде жылуы бар жандар да ірі қайырымдылық, мемлекеттік қорлармен қатар, шама-шарықтары келгенше айналасына ізгіілк шапағатын шашуға ұмтылып жатқанын көріп отырмыз.

Өмір жүрегі ізгі жандармен жеңіл

Мәселен,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы қаласы филиалы Түрксіб аудандық фронт-офисі басшысының орынбасары Назгүл Жүнісова ісі өзгелерге өнеге болсын. Назгүл Болатбекқызы осы салада жұмыс істеп жүргеніне 6 жылдың жүзі болыпты. Жұмысты филиалдың кадр бөлімінен бастаған ол, күнделікті жұмысы қайнап жататын Мамандандырылған ХҚО-да инспектор, одан әрі бөлім басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

Осы жылдың басында аудандық фронт-офис басшылығын тәжірибе алмасу мақсатында  бір-бірімен ауыстыру үдерісімен Түрксіб ауданына барған.

Назгүл Болатбекқызы мұнда да әдеттегі белсенділігіне басып, ұжымның қызмет көрсетуден басқа да қосымша қоғамдық жұмыстарын мойнына алды. Қимылды, ұмтылысты, тіршілікті жақсы көретін ол, Алматыдағы ЖОО-лар мен колледждерде, мекемелер мен ұйымдарда цифрлық қызмет алуды үйрету жұмыстарына кірісті. Аптасына 3-4 мекемені межелеп, оқытулар мен акциялар ұйымдастырып жүргенде, еліміз карантинге тап келді.

Енді, ол өзінің достарымен еріктілер ұйымын құрып, қалталарынан қаражат шығарып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге кірісті.

022

Әзірге тізімінде 15 отбасы бар. Әрқайсысына отбасы мүшелерінің санына қарай азық-түлік апарып беруде.

«Мұндай іс әрқайсымыздың азаматтық борышымыз ғой. Осындай қиын кезде бір-бірімізге қол ұшын созып, қайырымдылық жасап, мұқтаж жандардың аз да болса қажетіне жарасақ, біздің миссиямыздың орындалғаны», - дейді Назгүл.

 

 

АЛМАТЫ