Асқар Білісбековтің айтуынша, «Алматы» ӘКК» корпорациясы қала әкімшілігімен, сондай-ақ Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасымен белсенді жұмыс жүргізіп отыр.
Сонымен, қала халқының негізгі азық-түлік тауарларын тұтыну көлемін есепке ала отырып, тұрақтандыру қорын толықтыруға жергілікті бюджеттен 7 млрд теңге қарастырылған, оның 5 миллиарды 2020 жылдың наурыз айына тиесілі.
Үш ай бойы тауардың негізгі 17 түрімен тұрақты бағада (22,5 тонна) қаланы үздіксіз қамтамасыз ету жөнінде Отандық ірі тауар өндірушілерімен және сауда желілерімен келісімдерге қол қойылған. Бұл айналма қаражаттар әрі қарай босатылғанына қарай қажетті тауарларды сатып алу үшін қолданыла береді.
Басқа өңірлердің басшылықтарымен бірге тауарларды қаланың тікелей сауда желілеріне жеткізу туралы мәселе пысықталды:
Қызылорда облысы– күріш;
Қостанай облысы – түтік кеспе;
Павлодар облысы – картоп;
Түркістан облысы – орамжапырақ;
Алматы облысы – сиыр еті, тауық еті, сүт өнімдері, жұмыртқа.
Осылайша, отандық азық-түлік тауарларын өндірушіден тікелей қаланың сауда желілерінің сөрелеріне жеткізудің анық тізбегі жасалды.
Қала әкімдігі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы әлеуметті маңызды азы-түліктің (ӘМАТ) 12 түрі бойынша үш айлық қорды қалыптастыру үшін «Magnum Cash & Carry» ЖШС-не жеңілдетілген заем бөлді. Несие алған кезде, сауда желісі айналым қаражатына жеңілдікті негізде қол жеткізеді және өз тарапынан ӘМАТ-ды нақты белгіленген бағамен өткізуге қатаң міндеттемелерді қабылдайды.
№ |
Атауы |
Сөреде 3 ай мерзіміндегі шекті баға тг/кг/қап |
1 |
Қарақұмық, 1 кг |
335 |
2 |
Түтік кеспе, 1 кг |
189 |
3 |
Күнбағыс майы, 5л |
2168 |
Күнбағыс майы, 1л |
432 |
|
4 |
Күріш, кг |
273 |
5 |
Қант, кг |
210 |
6 |
Айран 2,5% 925 мл |
286 |
7 |
Сары май 72,5% 1 кг |
2155 |
8 |
Сүт 2,5%, 900 мл |
221 |
9 |
Сүзбе 5% 200 гр |
349 |
10 |
Жұмыртқа SMALL 45-55, 10 дана |
367 |
11 |
Тауықтың сан еті, кг |
799 |
12 |
Ұн 1 сорт (2 КГ) |
422 |
Көкөніс тобы
Сонымен қатар, «Magnum Cash & Carry» компаниясымен соңғы жылдарда қалыптасқан ынтымақтастықтың арқасында және 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың мамыры аралығындағы маусымға арналған азық-түлік өнімдерінің стратегиялық қорын құру туралы несиелік келісімнің арқасында «Magnum» алматылықтарға ӘМАТ ретінде анықталған көкөністердің төрт түрін жеткізеді, көлемі 12 мың тонна, бұл Алматыдағы осы тауарларға деген жалпы сұраныстың 15% құрайды.
Тиянақталған (Белгіленген) бағалар:
- Картоп – 118 тг/кг;
- Қырыққабат – 102 тг/кг;
- Сәбіз - 109 тг/кг;
- Пияз – 80 тг/кг.
Бөлке нан
«Ақсай» нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-не 1-сұрыпты ұн сатып алу және қалыпты нан өндіру үшін қарыз беру туралы келісімшарт жасалды. Жақын күндері өнім тиянақталған төмендетілген бөлшек сауда бағасымен іске асырылатын болады:
- «Ақсай Нан» 8 фирмалық дүкендері -70 теңге
- А санаттағы жетекші сауда желілер дүкендері – «Магнум», «Small», «Рамстор», «Столичный», «Оптовый клуб», «Людмила», «Carеfood», «Дастархан», «Скиф Сауда», «Метро» - 75 теңге
- В, С санаттарындағы 2000-ден кем емес дүкендер - 80 теңге
Қарақұмық жармасы
Сонымен бірге, өнірлік тұрақтандыру қорынан 305 теңге/кг бағасында қарақұмық жармасын сатып алуға сауда желілерімен шарттар жасасты. Бұл өнім қаладағы 100-ден астам дүкендердің сөрелеріне келіп түсті:
- «JardiKZ» ЖШС (25 «JLC» минимаркеттері)
- «Скиф трейд» ЖШС (24 «SMALL» және «Skif Discount» дүкендері)
- «Сабыржан Company» ЖШС (13 «Toimart» и «Сабыржан» дүкендері)
- ТОО «Magnum Cash&Carry» (39 «Magnum» дүкендері)
АЛМАТЫ