Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Баянауылдағы Жаңатілек, Ақжар, Қаратоқа су бөгеттері бақылауда

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, департамент басшысы,Азаматтық қорғаныс полковнигі Ернұр Өтегенов су тасқыны қаупі бар Баянауыл ауданына барды.

Баянауылдағы Жаңатілек, Ақжар, Қаратоқа су бөгеттері бақылауда

Жұмыс сапары барысында жыл сайын тасқын су шайып кететін «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновск» республикалық тас жолының 101-105 шақырымдарын аралап көрді.  

Жол бойында отырған жұртты биыл да  қардың көп түсуі, көктемнің ерте келуіне байланысты су тасқыны қаупі  алаңдатқаны белгілі.

11

Өткен жылдары Қарағанды облысы Ащысу бөгетінен келетін еріген қар суы  ауданының  ауылдарын басып өткен еді

Сондықтан, қауіп әлі  сейілген жоқ, Ернұр Өтегенов  аудандық Төтенше жағдайлар  бөлімінің бастығы Орман Түсіповке осы аумақты тұрақты бақылауда ұстап, жергілікті әкімдікпен бірге дайындық шараларын жүргізуді тапсырды.

ол

Ернұр Өтегенов  Ащысу өзенінің бойындағы Көкдоңбақ ауылының жанындағы көпірдің су тасқыны бола қалған жағдайдағы қаншалықты берік екендігіне де назар аударды.

Аудандық Төтенше жағдайлар  бөліміне бұдан басқа  Жаңатілек, Ақжар, Қаратоқа су бөгеттеріне күнделікті бақылау  жүргізуді тапсырды.

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы