Қазақстан • 17 Сәуір, 2020

Кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселелер талқыланды

194 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 520-ға жуық кәсіпкерлік нысандары бар. Олардың қатарына бизнес-орталықтар, сауда, ойын-сауық орталықтары, қойма және қонақ үй, жылжымайтын мүлік нысандары кіреді. Қазіргі таңда елдегі төтенше жағдайға баланысты бұл кәсіпорындардың көпшілігінде қызметкерлердің 30 пайызы қашықтан жұмыс істеуде.

Кәсіпкерлерді алаңдатқан мәселелер талқыланды

Төтенше жағдай кезеңінде отандық компаниялар тап болған коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының мәселелерін QazKenes.kz  платформасында бейнеконференция режимінде жылжымайтын мүлікпен айналысатын жетекші компаниялар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері талқылады. 

«Атамекен» ҚКП Баспасөз орталығының деректеріне сүйенсек, жиынға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі М.Такиев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р.Жүрсінов, «Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» ЗТБ басшысы Е.Бахмутова, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Е.Өстеміров, «QazProperty» қауымдастығының басшысы Қ.Көкенов, «BI Property» ЖШС басшысы Р.Ембергенов, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер және қаржы институттарының өкілдері қатысты.  

Кәсіпкерлер ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін салық, еңбекақы қорындағы жарналарды төлеуден, корпоратвиті табыс салығы, ҚҚС, жер салығы, сондай-ақ өсімақы және айыппұлдардан босату қажеттігін алға тартты.   Сонымен қатар салық пен коммуналдық жеңілдіктер және банк секторының қаржылық ынталандыруы қызу талқыланды.

Жалға берушілер өздерінің өндірістік шығындарын көтере алмайтындарын алға тартып, Ұлттық экономика министрлігінен монополистер коммуналдық төлемдер бойынша жеңілдіктер жасауы мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Сонда ғана көптеген жалға беруші сауда-ойын-сауық орталықтары мен бизнес орталықтарда кәсіпкерлерге жалға алу құнын төмендете алар еді.   Бұған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі М.Такиев коммуналдық қызметтерді ұсынушы монополистер де нарыққа қатысушы екенін, олар да  басқа бизнес секілді шығын көріп жатқанын алға тартты. Ұлттық экономика министрлігі жалға алушылардан есептерді алған соң талқылауға дайын екенін білдірді.   «Біз монополистердің шығындарын түсінеміз, бірақ комумналдық төлемдерді алып тастау туралы мәселе көтеріліп жатқан жоқ, біз банктерге ұқсас 3-4 айға шегерім сұрап отырмыз. Бұған қоса,монополистердің табыс құрылымында ШОБ шамамен 5 пайызды құрайды»,  - деді Рустам Жүрсінов.  Есептеулер бойынша кәсіпорындар айына  шамамен 20 млрд теңгенің табысын жоғалтқан. Десек те, карантиннен шығып жалға алушыға бірден 100 пайыздық жалға беру ставкасын көтере алмайтындығын айтқан «QazProperty» қауымдастығының төрағасы Қ.Көкенов бизнестің аяққа тұрып кетуі қажет, дегенмен бұл мәселеге  жекелей қарау қажет, деп атап өтті. Жиынға қатысушылар алдағы уақытта жекелеген мәселелердің қаралатындығын жеткізді.