– Сарыөзек кентін толықтай оқшаулау туралы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ешкеновтың қаулысы қабылданды. Аталған қаулыда карантин кезіндегі шектеулер, санитарлық-дезинфекциялық шаралар туралы егжей-тегжейлі атап көрсетілген. Қаулы талаптарына сәйкес Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынады. Бір отбасыдан тек бір адамға ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға, бірінші кезектегі қажеттіліктер алуға шығуына рұқсат етіледі. Карантин режимін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сарыөзектегі карантин 17 сәуірден 18-іне қараған түнгі сағат 00.00-ден басталып, 1 мамырға дейін созылмақ.
Алматы облысы