Әлем • 17 Сәуір, 2020

Ұлыбританияда COVID-19 жұқтырған 5 599 адам анықталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Ұлыбританияда COVID-19 жұқтырған 5 599 адам анықталды

Коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны — 108 692. Жақында COVID-19 вирусынан 847 адам көз жұмды. Барлығы 14 576 адамның қайтыс болғаны анықталды.

Түркияда тағы 4 353 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелді

Бұл елде барлығы 78 546 адам вирусты жұқтырған. Жақында тағы 126 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Жалпы коронавирустың салдарынан 1 769 адам көз жұмған.

Иранда коронавирусты жұқтырған тағы 1 499 адам анықталды

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 79 494-ті құрап отыр. COVID-19-дан жақында 89 науқас көз жұмды. Өлім-жітім саны 4 958-ге жетті.

Испанияда бір тәулікте 3 120 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды

Бұл вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 188 068-ге жетті. Сонымен қатар COVID-19-дан жақында 163 адам көз жұмды. Испанияда коронавирустың кесірінен барлығы 19 478 адам қайтыс болды.