Аймақтар • 18 Сәуір, 2020

Шымкент: Бүгінгінің батыры - фельдшер Нұрдәулет

1059 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы ақпанда Шымкент қалалық №11 емханаға 4-категориялы фельдшер болып қабылданған Нұрдәулет Тұрғанбек бүгінде Шымкент қаласының сыртында орналасқан Еңбекші блок-бекетінде​ індеттің алдын алу бағытында​ тынымсыз жұмыс істеп жүрген медицина мамандарының бірі.

Шымкент: Бүгінгінің батыры - фельдшер Нұрдәулет
Президент Қ.Тоқаевтың короновирус індетіне байланысты ел аумағында 16 наурыздан төтенше жағдай режимін енгізуі Нұрдәулеттің жұмысына деген жауапкершілігін екі есе арттырды.
21 жасар жас маман әлемді жайлаған мына вирусты ауыздықтаудың жалғыз жолы оқшаулану болғандықтан тұрғындардан үйлерінде болуын сұрайды.
«Азаматтар аса қажеттілік болмаса, сыртқа шығуын уақытша доғарса, індетті ертерек ауыздықтаймыз. Осы шақта тұрғындардың үйлерінде отырғаны жөн. Біздің басты мақсат – бекеттер арқылы қалаға кіріп-шығатын көліктердегі азаматтарды санитарлық нормаларға сай арнайы құрылғылар көмегімен тексеру. Вирус белгілері айқындалса, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, науқасқа шұғыл түрде көмек көрсету сынды міндеттер кіреді», дейді фельдшер. ​ ​
Сырт көзге оңай болғанымен салмағы ауыр жауапкершілік арқалаған әскерилер мен медицина мамандары бекітілген