Президент • 18 Сәуір, 2020

Мемлекет басшысы гуманитарлық көмек жіберген Үндістан билігіне алғыс айтты

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға алғыс айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы гуманитарлық көмек жіберген Үндістан билігіне алғыс айтты

«Пандемиямен күреске арналған дәрі-дәрмек жібергені үшін Үндістан үкіметіне және Премьер-министр @NarendraModi мырзаға шынайы алғысымды білдіремін. Осы көмек Үндістан шетелге дәрі экспорттауды тоқтатқан кезде жіберіліп отыр. Бұл нағыз достық пен ниеттестіктің белгісі деп санаймын» деп жазды Мемлекет басшысы.