Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Атырау: 41 діни бірлестік онлайн жұмысқа көшті

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Хайролла Көшқалиевтің айтуынша, діни бірлестіктердің ғимараты халық көп шоғырланатын нысанға жатады.

Атырау: 41 діни бірлестік онлайн жұмысқа көшті

Сондықтан, облыста тіркелген 41 діни бірлестіктің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған.

–Барлық діни бірлестіктің жетекшілері тиісті хабарландыруды алды. Сондай-ақ, оларға түсіндіру жұмысы жүргізілді. Қазір діни бірлестіктердің барлығы онлайн форматта жұмыс істеуге көшті, -деді Хайролла Көшқалиев.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ