Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Алматы: Ержан Бабақұмаров COVID-19-ға тест жасайтын ірі зертханалардың басшыларымен кеңесті

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша шаһар басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров бейне-мәжіліс режимінде Алматының алты ірі зертханасының басшылығымен жұмыс кеңесін өткізді.

Алматы: Ержан Бабақұмаров COVID-19-ға тест жасайтын ірі зертханалардың басшыларымен кеңесті

Фото авторы: Максим Золотухин

Алматыда COVID-19-ға тест алатын ірі зертханаларға – Ұлттық сараптама орталығы, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы, Қазақтың М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы, Орталық референс-зертхана, сондай-ақ, Қазақстан-Корей клиникасы мен «Олимп» КДЗ жатады.

Бұдан өзге мегаполис тұрғындары үшін тестілеудің қолжетімділігін, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жеделдігін, оның ішінде нәтижелерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды. Қала әкімінің орынбасары зерттеу материалын алумен айналысатын медициналық бригадалардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету керектігін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті және зертханалардың ақпараттық жүйелер интеграциясы арасында жұмысты өзара үйлестіруді күшейту міндеттерін белгіледі.

«Біздің міндетіміз – тестілеу арқылы инфекцияның жасырын ошақтарын жедел және дер кезінде анықтау, оларды уақытылы оқшаулап, қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың жағдайын одан әрі бақылауды қамтамасыз ету», – деген Ержан Бабақұмаров мемлекеттік және мемлекеттік емес зертханаларға қаламен бірлесіп жасап жатқан жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Бүгінде Алматыда шамамен 45 мың тест алынды. Солардың ішінде 29 мыңы ПЦР тест және 16 мыңы экпресс-тесттер.