Аймақтар • 19 Сәуір, 2020

Атырау: Тегін дәрі-дәрмектер құны – 1.5 млрд теңге

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері Атырау облысының медициналық мекемелеріне жеткізілген тегін дәрі-дәрмектер құны осынша соманы құрайды.  

Атырау: Тегін дәрі-дәрмектер құны – 1.5 млрд теңге

«СК Фармация» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атыраудағы медицина мекемелеріне 345 түрлі дәр-дәрмек жіберілген. Ал, пациенттер 876 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін тегін алған.

Дәрі-дәрмектер стационарларға, сонымен бірге, амбулаториялық қамту мақсатында  медициналық мекемелерге диспансерлік есепте тұрғандар үшін рецепт бойынша жеткізілген. Пациенттер дәрі-дәрмекті тегін алады. Бұл дәрілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген тегін медициналық көмегі  аясында түсті, -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ