![Атырау: Тегін дәрі-дәрмектер құны – 1.5 млрд теңге](/media/2020/04/19/9ada2c31-e2a3-41a2-b53a-e833e10b5a98.jpeg)
«СК Фармация» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атыраудағы медицина мекемелеріне 345 түрлі дәр-дәрмек жіберілген. Ал, пациенттер 876 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін тегін алған.
–Дәрі-дәрмектер стационарларға, сонымен бірге, амбулаториялық қамту мақсатында медициналық мекемелерге диспансерлік есепте тұрғандар үшін рецепт бойынша жеткізілген. Пациенттер дәрі-дәрмекті тегін алады. Бұл дәрілер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепілдік берілген тегін медициналық көмегі аясында түсті, -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жұмасат ҒАЗИЗ