Руханият • 20 Сәуір, 2020

Димаш Құдайбергеннің коронавирусқа қарсы күреске арналған бейнебаянының қазақстандық нұсқасы әзірленді

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Хабар» Агенттігі Димаш Құдайбергеннің бүкіләлемдік коронавирусқа қарсы күреске арналған «We are one» («Мы – едины!») бейнебаянының қазақстандық нұсқасын әзірледі. Бейнебаянда пандемия орын алған елдердің кадрлары, қатерлі вирусқа қарсы майданда күнделікті арпалысып жүрген дәрігерлердің еңбегі көрсетілген.

Димаш Құдайбергеннің коронавирусқа қарсы күреске арналған бейнебаянының қазақстандық нұсқасы әзірленді

«Қазір күллі әлем коронавирусқа қарсы жаһандық күресте күш біріктірді. Бірақ пандемияның пәрмені қатты. Ешбір елді аяп жатқан жоқ. Індетпен күресте алдыңғы шепте медицина мамандары жанкешті еңбек етуде. Осынау қысылтаяң кезде оларға қолдау көрсету - баршамыздың ортақ мақсатымыз. Біз құдіретті музыка арқылы дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің, әскерилер мен еріктілердің ерік-жігеріне,  қажыр-қайратына құрмет таныта аламыз», - делінген хабарламада.

Туынды авторлары - қытайлық шығармашылық топ. Жаңа ән Димаштың төрткүл дүниедегі тыңдармандарына тамаша тарту болғаны сөзсіз.